» » Ұлағатты ұстаздарға, ыстық ықылас!

Ұлағатты ұстаздарға, ыстық ықылас!

      Ұстаздың еңбегі кіммен бағаланады? Ұстаздың мәртебесін кім көтереді? Деген сұрақтар жиі маған ой салады. Ұстаз барын салып білген, тергенін оқушыға беріп әлек, уақытын бөліп ақылына ақыл қосып әлек. Сонда да мұғалім мәртебесін тек сөзбен ғана айтылып қояды. Шыны керек, қазіргі таңда күнкөріс қиындап, адамдарды қаражат мәселесі мазалап жүрген уақытта балаларына барлық мейірін ата -ана бере алмағанда, көмекке алғаш болып ұстаз келеді.

   «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер — жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.

       Отбасындағы баланың жағдайын ұстаз түсіне отырып, жұмсақ мінезімен психологиялық тұрғыдан өмірдің өткелдерін жеңілдету үшін рөлі зор.

Бұрынғы баларға қарағанда қазіргі балалардың арасы жер мен көктей. Күнделікті ақпарат ағымындағы уақытын өткізіп, зейіндерін телефонға бөлген кезең балалары мүлдем бөлек.Ақпарат жан -жақтан үйіліп көл-көсір болғанда, уақыт пен керек ақпарат кері әсерін тигізіп жатқанда, балаларға жол көрсетер  жан – ұстазы.  Бүгінгі күннің ұстаздарына мың алғыс! Әр отбасында ең азы бір бала болса, ұстаздың кем дегенде жиырма баласы бар. Қазіргі балалардың табиғаты басқа. Бәрі дарынды, алғыр! Алайда олардың ашылмаған дарындарын аша отырып, үлкен өмірге қолдарына шырақ ұстатқандай сенім беріп, дарындарының дамуына барынша серпін береді.

     Ұстаз қандай пән мұғалімі болмасын, балалардың бойындағы Алла берген қасиеттерін жан -жақты ашуға талпынады, өздері де ізденеді. Оқушылардың мінез құлқының бұзылмай, сапалы түрде адами қасиеттерін сақтай отырып әр оқушыдан тұлға жасауға ат салысатын бала өміріндегі қажетті адамның бірі  №151 ЖББ мектептің 6Б сынып жетекшісі -  Дулатбекова Жанар ханым. Бала білімді өз бетінше кітаптан оқып та үйрене алады, ал бірақ тәрбиені өз бетінше ала алмайды, өнеге мен үлгі, құрмет сияқты ізгі қасиеттер — ата-анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан тәлім арқылы жұғады.

 «Бұлақ көрсең – көзін аш» деп бабаларымыз айтқандай, мектепке алғаш аяқ басып кіргеннен өнерге, білімге қызығушылығын ашқан бастауыш сыныптарында сабақ берген Әріпбай Айман Артықбайқызы мен Кабылбекова Бакыткул Нуржаубайқызын атап өткім келеді! Өскелең ұрпақтың сапалы білім алуларына зор үлес қосатын – ұстаздары! Ал жақсы ұстаз шәкіртінің өзінен асқанын қалайды. Осындай ұстаздардың арқасында балалалымыздың бабаларымыздан дарыған тектілігі, парасаттылығы, бір сөзбен айтқанда тұлғалық, көшбасшылық сынды қырлары әрі қарай дамиды!

Құрметті Ұстаздар қауымы, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! 

 
























Ізгі тілекпен: №151 ші Жалпы білім беретін мектептің 6 «Б» сынып оқушылары Нұрбек Адина мен Нұрбек Әдемі Қайратқыздарының анасы Сартымбекова Меруерт Ерболатқызы.
30 қыркүйек 2022 г. 1 637 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 986 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031