» » 2017 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі белгілі болды

2017 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі белгілі болды

 2017 жылғы білім гранттарының иегерлері белгілі болды.Бұл туралы Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.
 Мемлекеттік грантқа ие болғандардың толық тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыздар.
Биыл жылдағыдай грант иегерлерінің тізімі алдымен "Егемен Қазақстан","Казахстанская правда" газеттерінде емес,бірінші Ұлттық тест орталығының сайты мен БҒМ сайтында орналастырылатын болады.Аталмыш газеттерде толық тізім 14 тамызда жарияланады.
 2017 жылы жалпы 37 932 грант бөлінген. Оның ішінде, 35 082 грант 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша – 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша – 300 грант), 2850 орын – жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінген. Техникалық ғылымдар мен технологиялық мамандықтарға - 13 670 грант, педагогикалық мамандықтарға - 8 235 грант, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық мамандықтарға - 2 682 грант, медициналық мамандықтарға 3 150 грант бөлінген. Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілген жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілген. Білім грантын тағайындау конкурсына 63 169 адам қатысқан. Оның ішінде 49 858 адам  – қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 13 311 адам – орыс тіліндегі оқу бөліміне тапсырған. 
























Дереккөз:massaget.kz
10 тамыз 2017 г. 3 673 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 755 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930