ҚазҰУ-дің дизайн мамандығына неге ешкім грантқа ие болмаған?
ҚР Білім және ғылым министрі Е.САҒАДИЕВ мырзаға!
Баспасөзде жарияланған мемлекеттік білім гранттарын иеленгендердің тізімі бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультеті Дизаин мамандығына ешкім оқуға түсе алмаған.
Мысалы, ҚазҰУ-ге құжат тапсырған Қаныш Жарылқасын 116 балмен (екі сабақтың 40 балынан -36 бал, шығырмашылық конкурстың екі пәнінен ең жоғары 80 бал жинаған) дизайн мамандығына өтпей қалған. Ал одан көп төмен 108 балмен Еуразия Ұлттық университтіне, тіпті 95 балмен басқа ЖОО-ларға өткендер бар?
Сонда ҚазҰУ-да журналистика факультетінде дизайн мамандығы болмайтын болғаны ма? Дизайн кафедрасын жаппақшы ма? Бұл еліміздегі дизайн кафедраларының ішіндегі ғылыми-техникалық материалдық оқу базасы ең күшті кафедра ғой!
Бұған ҚазҰУ-дің дизайн мамандығы оқытушылары да жауап бере алмай, аң-таң… болып отыр..
ҚазҰУ-ге келген ата-аналар айқай-шу шығаруда. Ал университеттің оқу ісі жөніндегі басшылығы: «мұны біз шешпейміз, министрлікке хат жазыңдар» дейді.
Бұл «жұмбақтың» сырын кім айтып бере алады, құрметті Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырза?
Қазыбек ИСА
qazaquni.kz