» » БҒМ өкілдері 200 "Алтын белгі" иегерінің неліктен гранттан қағылғанын түсіндірді

БҒМ өкілдері 200 "Алтын белгі" иегерінің неліктен гранттан қағылғанын түсіндірді

 ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов 200-ден аса талапкердің гранттан айырылып қалуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
 Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда шамамен 200 "Алтын белгі" иегерінің гранттарынан айырылғаны жайлы хабарланған болатын.  БАҚ мәліметінше, бір топ талапкер ақысыз оқуға түскендер тізімінде болса да, сертификатын ала алмай жүр. Сондықтан олар10 күннен бері қабылдау комиссиясына барып жүр. Бірақ сертификат даулағандарға жауап беріп жатқан ешкім жоқ.  ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы заңнамаға сәйке гранттар бөлді. Бұл сертификаттар, яғни гранттардың берілгені жайлы құжаттардың барлығы талапкерлер өтініш қалдырған базалық ЖОО-ларға жолданды. Біз ол сертификаттарды өткен аптада жіберіп қойғанбыз", - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов. Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі Алматы мен Астанада орналасқан медициналық ЖОО-лардың талапкерлеріне бөлінген 200 гранттың мерзімін тоқтатты. "Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері белгілі бір категориядағы талапкерлердің гранттарының мерзімін тоқтатты. Себебі медициналық мамандықтарға грант алғандардың көбі Астана және Алматы қалаларындағы ЖОО-ларға өтініш қалдырған, олардың ішінде Астана Медициналық университеті мен Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетіне өтініш білдерген", - деп түсіндірді Ұлттық тестілеу орталығының басшысы. Рамазан Әлімқұлов Білім және ғылым министрлігінің гранттарды тоқтату туралы ешқандай шешім шығармағанын айтты. "Бұл гранттарды (куәліктерді) кері қайтару туралы бұйрық болған жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы күнделікті әрбір талапкерге еліміздегі басқа медициналық оқу орындарынан гранттарды ұсыну үшін жұмыстар жүргізіп жатыр", - деді Рамазан Әлімқұлов. Оның айтуынша, шамамен 150 студенттің мәселесі шешілді деуге болады. "Біз қазір басқа қалаларға оқуға түсуге келіскен студенттерге қатысты мәселені қарастырып жатырмыз. Біз Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясымен келісе отырып, гранттарды есептеп, ЖОО-ларға жібереміз. Ал Денсаулық сақтау министрлігі неліктен Астана мен Алматыдағы ЖОО-ларға осынша талапкерді қабылдай алмауының себебі жайлы айтатын болса, ол менің құзыретімде емес", - деді Ұлттық тестілеу орталығының басшысы. "Олар не өз еріктерімен сол оқу орнына түскісі келген талапкерлерді оқуға түсіреді немесе оларға еліміздегі басқа медициналық ЖОО-ларды ұсынады. Біз қазіргі уақытта техникалық орган ретінде басқа қалаға оқуға келіскен студенттердің гранттарын дайындап жатырмыз", - деді Рамазан Әлімқұлов. Биылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі 2017жылдың 10 тамызында жарияланған болатын. Осы жылы жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 37 932 грантқа дейін жеткізілді. Оның ішінде, 35 082 грант 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша - 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша - 300 грант), 2850 орын - жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді.
24 тамыз 2017 г. 2 398 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 206 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031