» » Біздің басшы – ең үздік директор

Біздің басшы – ең үздік директор

Басшы туралы жазу, мұғалім үшін қиындау екенін білетінмін, дей тұра білікті басшының аз жылдар ішіндегі жетістіктері бір төбе екенін біреу білсе, біреу білмейді.

Мен басшымыздың жеке басының жетістіктеріне тоқталған жоқпын. Ол – өз алдына бір төбе...

Мектепте алғашқы жылдары эксперимент алаңы ашылып, жұмысты экологиялық бағытта дамытты. «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығымен жұмыс істей отырып, мектепке келген тыңдаушыларға семинар өткізді. Экологиялық бағытта көптеген ғылыми жобалар зерттеліп, облыс деңгейінде жүлделі орындарға ие болды. Осы қысқа мерзімде 2014 жылы шілде айында №89 жалпы орта мектеп «мектеп - лицей» статусын алды. Бұл -  оңайлықпен келген жоқ.

Ұстаз деген сөз біз үшін қашанда қадірлі, қасиетті саналады. Небір данышпан да, қарапайым еңбек адамы да осы ұстаз алдынан өтеді.

Сондай ұлағатты  ұстаз, білікті басшы – Атабаев Қасымбай Өмірбекұлы басқарған №89 мектеп – лицей жайлы айтсақ артықтық болмас. Ол - өмірінде тәлім-тәрбие беретін тәжірбие жинайды, жинақтайды, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіндейді. Түйгенін ой елегінен өткізіп, таразының екі басына салып саралайды, қорытындылайды. Тәрбиенің негізгі алтын діңгегі - ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген - ұлттық тәрбие тағылымын дәріптейді.

Білікті басшы  оқушылары мен ұстаздарының білімі, біліктілігіне ғана емес, олардың жүріс-тұрысы мен киім-киісіне де қатаң талап қоя білген.

Мектеп - лицей  басшысы үнемі  ұстаздарына «Ұлттық тәрбие – ел болашағының  діңгегі» рухани сенімі мол ұрпақты тәрбиелеу келешектің бізге артқан міндеті екенін айтып, ұдайы ескертіп отырады. Мектеп – бұл тек білім беру ұйымы ғана емес, сонымен қатар мәдени орталық, онда қоғамдық өмірі қалыптасады, сонымен бірге «Оқушылардың бойында тәрбие кеңістігінде өмірге деген құнды көзқарас қалыптастырудың»  жобасы мектептен бастау алатынын ұстаздар қауымына ескертеді.

«Қазақтың тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылуына тіреледі. Мектебімізді сау, берік, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» - деп ұлы педагог М. Жұмабаев айтқандай, біздің болашағымызды мектеп айқындайды деп білікті басшы үнемі ұстаздарына айтып отырады.

 – "Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді" деп Мәлік Ғабдуллиннің ғибратты сөзін үнемі ұстаздар есіне салып отырады. Расында да, оқушы мұғалімге қарап бой түзейді, тәрбие алады. Атабаев Қасымбай Өмірбекұлы - ұқыптылықты, жауапкершілікті, еңбекқорлықты, талапшылдықты сүйетінін біз жұмыс барысында үнемі сеземіз, сезінеміз, басты ерекшеліктерін іштей сезініп, мақтан тұтамыз.

 Үш тұғырлы тілді меңгерудегі құлшыныстарымыз да өте жоғары.  Сондықтан, жаңа ғасырдың ұрпағын тәрбиелеуде ұстаздарға жүктелер міндет те, талап та жоғары. «Жақсының тамыры тереңде, оны ешкім шаба алмас, көлеңкесі көктен, нұрын  шашар еліне» - деп  текке айтылмаса керек. Иә, мұнда қанша мән – мағына бар десеңші...  ЕЛ –ЖҰРТ алғысы ер – азаматтарды көкке көтереді, ел –жұрты сұрайды, іздейді. Сіз сондай ел –жұрт сыйына бөленген  жансыз. Бұл  - менің  пікірім емес, бүкіл ұжымның, халықтың пікірі. Дана халқымыз «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» - демей ме...

Атабаев Қасымбай Өмірбекұлы - білікті басшы, ұстаз ғана емес, отбасында үлгілі әке, сүйікті жар, ағайын – туыс арасында беделді – абыройлы ер – азамат.  Иә, "Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады" демекші, білікті басшы, шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы. Сондықтан, білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жыл талмай-қажымай еңбек етіп келе жатқан ол кісінің өз тұғырынан түспей, әлі де біраз белесті бағындыра беретініне сеніміміз мол.


Фарида Байрбекова,
№89 мектеп-лицейі.

 

31 тамыз 2017 г. 37 278 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 222 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 610 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031