» » Республикалық педагогикалық конкурс бойынша

Республикалық педагогикалық конкурс бойынша

«Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы және «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігі «Үздік ақпараттық мақала» және «Үздік педагогикалық мақала» республикалық конкурстарына мақалалар қабылдайтындығын хабарлайды.

Педагогтар мен тәрбиешілердің материалдары «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігінің ресми сайтына жарияланады. Материалдың жарияланғандығы туралы куәлік авторға электронды форматты жіберіледі.

Аталған айдарларға жұмыстары енген ұстаздарға комиссия шешімімен «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы атынан диплом беру көзделген.

Конкурстың ережесімен «EDUNEWS.KZ» ақпарат агенттігінің сайтында танысуға болады.




Редакция телефоны: 8-747-555-90-60 (What’s App),

E-mail: ruh.jangyru@mail.ru.


БЕКІТІЛДІ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» 

ақпараттық-сараптамалық орталығы» ЖШС

«EDUNEWS.KZ» ақпараттық 

агенттігі

2018 жылдың 03 мамыр

 

ЕРЕЖЕ

«Үздік ақпараттық мақала» және «Үздік педагогикалық мақала» республикалық конкурстарының ережесі

 

Осы Ережемен «Үздік ақпараттық мақала» және «Үздік педагогикалық мақала» республикалық конкурстарын өткізу, ұйымдастыру және тәртібі бекітіледі.

Ережеге сәйкес педагогтар мен тәрбиешілердің еңбектері, мақалалары «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігінің ресми сайтына жарияланады. Материалдың жарияланғандығы туралы куәлік авторға электронды форматты жіберіледі.

Конкурс педагог-қызметкердердің ғылыми және әдістемелік, шығармашылық қабілеттерін дамыту және көрсету, сонымен бірге, педагогтар мен тәрбиешілердің еңбектерін БАҚ-на жариялау мақсатында өткізіледі.

Конкурс комиссиясының мақсаты – педагогтардың үздік ақпараттық, ғылыми-әдістемелік мақалаларын анықтау болып табылады. Конкурстың жеңімпаздары комиссия шешімімен анықталады (1,2,3 орындар).

Конкурсқа қатысушыларға келесі талаптар қойылады:

Конкурсқа қатысу туралы өтініш осы хатқа бекітілген форма бойынша толтырылуы тиіс. Аталған өтініш doc форматта сақталып, ruh.jangyru@mail.ru электрондық жәшігіне «Конкурсқа қатысу үшін» деп белгіленіп, жіберілу керек.

Конкусқа қатысу туралы өтінішпен бірге педагогтың конкурсқа жіберіліп жатқан мақаласы да қоса бекітілуі керек. Ол да міндетті түрде doc форматта бөлек сақталынуы тиіс.

Конкурс бойынша ақпараттық материалдары жарияланған педагогтар міндетті түрде өз мақалаларымен әлеуметтік желіде бөлісуі тиіс.

Конкурсқа педагогтар мен тәрбиешілердің ақпараттық, ғылыми-әдістемелік мақалалары, эсселер, мастер-класстар, сабақ жоспарлары, сараптамалық мақалалар, ұсыныс мақалалар және басқа да материалдар қабылданады.

Аталған айдарларға жұмыстары енген ұстаздарға комиссия шешімімен «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы атынан диплом беру көзделген.

07 мамыр 2018 г. 565 1

JanmazNOX от 7 мамыр 2018 21:00
Народ кто хочет играть в современные игры на самых высоких настройках с динамичными теняими даже на самых слабых ПК или ноутах. Без лагов и фризов (Но нужен более менее нормальный инет). Читайте статья по настройке компа здесь. Видео по установке и настройке смотрите тут. Играю уже пол года на ведре 2005 г. Буду рад кому помог разорить буржуев игровой индустрии!!!

Жаңалық тізбесі

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031