«Үздік ақпараттық мақала» республикалық конкурсы
«Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы және «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігі «Үздік ақпараттық мақала» республикалық конкурсына мақалалар қабылдайтындығын хабарлайды.
Педагогтар мен тәрбиешілердің материалдары «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігінің ресми сайтына жарияланады. Материалдың жарияланғандығы туралы куәлік авторға электронды форматты жіберіледі.
Аталған айдарларға жұмыстары енген ұстаздарға комиссия шешімімен «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы атынан диплом беру көзделген.
Конкурстың ережесімен «EDUNEWS.KZ» ақпарат агенттігінің сайтында танысуға болады.
Редакция телефоны: 8-747-555-90-60 (What’s App),
E-mail: edunews.kz@mail.ru.
Конкурс мерзімі: 2018 жылдың соңына дейін, ай сайын.
ЕРЕЖЕ
«Үздік ақпараттық мақала» республикалық конкурсының ережесі
Осы Ережемен «Үздік ақпараттық мақала» республикалық конкурсын өткізу, ұйымдастыру және тәртібі бекітіледі.
Ережеге сәйкес педагогтар мен тәрбиешілердің, білім мекемелері баспасөз-хатшыларының пресс-релиздері «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігінің ресми сайтына жарияланады.
Материалдың жарияланғандығы туралы куәлік авторға электронды форматты жіберіледі.
Конкурс педагог-қызметкердердің, тәрбиешілердің еңбектерін БАҚ-на жариялау мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, білім мекемелерінде қызмет ететін баспасөз хатшыларының, сондай-ақ, білім мемекелерінде БАҚ-пен жұмыс істейтін педагог-қызметкерлердің белсенділігін арттыру үшін, білім саласында медиа-менеджментті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады.
Конкурс комиссиясының мақсаты – педагогтардың үздік баспасөз мәліметтерін анықтау болып табылады.
Конкурстың жеңімпаздары комиссия шешімімен анықталады (1,2,3 орындар).
Конкурсқа қатысушыларға келесі талаптар қойылады:
Конкурсқа қатысу үшін педагогтар өздерінің пресс-релиздерін edunews.kz@mail.ru электрондық жәшігіне «Конкурсқа қатысу үшін» деп белгіленіп, жіберілу керек. Пресс-релизбен бірге іс-шараның фотолары бірге бекітілуі тиіс.
Республикалық конкурстың жеңімпаздарына комиссия шешімімен «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы атынан диплом беру көзделген.