» » Елімізде 68 мектептің құрылыс мәселесі шешілмей тұр – БҒМ

Елімізде 68 мектептің құрылыс мәселесі шешілмей тұр – БҒМ

 ҚР Білім жəне ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова елімізде 53 үш маусымды мектеп жəне 15 апатты мектеп бойынша сұрақ əлі ашық күйінде қалып отырғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
"2015-2017 жылдары елімізде үш маусымды 204 мектеп, 105 апаттық мектеп болған. Біз үш жылдың ішінде үш маусымды оқыту үшін 109 мектеп, апаттық мектептердің орнына 78 мектеп салдық. Қазір, бюджет есебінен үш маусымды оқыту проблемасын шешу үшін 41 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сондай - ақ, апатты мектептердің орнына 11 мектеп салынуда. Осы мақсатқа Ұлттық қор, республикалық бюджеттен шамамен 208 млрд теңге қаржы бөлінген. Жергілікті бюджет қаражатына да мектептер салынып жатыр", - деді Асылова Мəжіліс кулуарында берген сұхбатында.
Вице-министрдің айтуынша, 2018 жылғы мамырдағы жағдай бойынша үш маусымды 64 мектептің жəне 16 апатты мектептің мәселесі əлі шешілмей тұр. Оларды шешу үшін республикалық бюджеттен үш маусымды оқу орындарын жою үшін 11 мектепке жəне апатты мектептің орнына 1 мектепке қаржы қарастырылған. Ал 53 үш маусымды мектеп жəне 15 апатты мектеп бойынша сұрақ əлі ашық күйінде қалып отыр.
"Үш маусымды жəне апатты деп бекітілген мектептердің барлығында заңға сәйкес белгіленген жобалық - сметалық құжаттама бар деуге болмайды. Сондықтан, əкімдіктер сол құжаттарды аяқтап, бізге таныстырады. Ал біз олардың түсуіне байланысты қаржыландыруға бюджеттік өтінімді əзірлейміз", - деді Бибігүл Асылова.
Вице-министр мектеп мəселесін бизнестің көмегімен шешу жолы қарастырылғанын да айтты.


02 қазан 2018 г. 2 001 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 242 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 617 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031