» » Нұр-Сұлтанда әкелер слеті өтті

Нұр-Сұлтанда әкелер слеті өтті

Шара аясында қатысушылар әке тәрбиесінің құпияларымен бөлісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 400-ден астам адам қатысқан слет қала әкімдігі мен білім басқармасының ұйымдастыруымен өтті,-деп хабарлайды "Edunews.kz" Ақпараттық Агенттігі bilim.astana.kz сілтеме жасап. 
Шара мақсаты – отбасы институты мен отбасыда тәрбие берудегі әке рөлін нығайту, рухани дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды қайта жаңғырту, сақтау. «Бұл – дәстүрлі шара. Ол бірнеше жыл қатарынан өткізілуде. Бүгін ол № 79 мектептің қабырғасында ұйымдастырылды. Шараны өткізу орны кездейсоқ таңдалған жоқ. Оқу ордасының әкімшілігі мен қамқорлық кеңесі аталмыш бағытта белсенді жұмыс істейді. Біздің әкелер кеңесі даулы мәселелерді шешуге қатысады, мінезі ауыр жасөспірімдермен әңгімелесеміз, олармен жұмыс істейміз. Бұл балаларға да оң әсер етеді. Олар өздерінің мінезін өзгертеді. Мінезі ауыр жасөспірімдер арасында девианттық мінез таныту төмендеп келеді. Бұдан бөлек, белсенді әкелер ағаш отырғызуға, жөндеу жүргізуге көмектеседі. Мектеп пен ата-аналар арасындағы тығыз қарым-қатынас орнаған кезде, ересектер өз уақытын, назарын бөлген кезде, балалар үшін жағдай ұтымды болады», – дейді белсенді әкелердің бірі Тимур Қалдыбаев. Слет «Әке махаббаты» прологымен, әкелер хорының орындауындағы «Атамекен» әнімен басталды. Шара қатысушылары «Бақытты әке – өмір салты» көрмесін тамашалап, № 79 мектеп-лицей оқушыларының өз әкелерімен әзірлеген стартап-жобалармен танысты. TED-конференция аясында спикерлер әке тәрбиесінің құпияларымен бөлісіп, қазақстандық отбасылардың проблемаларын талқылады, сол проблемаларды жеңу жолдарын ұсынды. Бұдан бөлек, «Родительский час» отбасылық қонақ үйінде белсенді әкелер демалыс күнгі клубтың, сурет студиясы мен отбасылық театрдың жұмысымен таныстырды. Шара соңында ең белсенді әкелерге, аудандық слеттердің жеңімпаздарына дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Әкелер слеті «Талантты ата-аналар, талантты балалар» фестивалімен аяқталды.

Дереккөз: bilim.astana.kz.
02 мамыр 2019 г. 1 361 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 834 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930