» » Жамбыл облысында 32 106 балаға 324 миллион теңгеге материалдық көмек көрсетілді

Жамбыл облысында 32 106 балаға 324 миллион теңгеге материалдық көмек көрсетілді

Жамбыл облысында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында аз қамтылған отбасылардағы 32106 балаға 324 миллион теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Бұл туралы "Edunews.kz" AA “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл сайын Қазақстанда 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық шарасын өткізу дәстүрге айналған. Биылғы «Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен өткізілген екі айлық шара аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан және қиын жағдайға тап болған балаларға жаңа оқу жылының қарсаңында көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталды.

Қайырымдылық шарасына жылдағы дәстүр бойынша облыстағы шағын және орта бизнес өкілдерімен қатар мемлекеттік қызметкерлер, облыстық және қалалық маслихат депутаттары, ұстаздар ұжымы, үкіметтік емес ұйым өкілдері, ата-аналар да атсалысты.

Акция аясында екі айда барлық аудандар мен Тараз қаласында «Бақытты балалық шақ мекені», «Ауыл (қала) балаларына мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: балаларды мектепке дайындаймыз!» атты қайырымдылық акциялар, мектеп жәрмеңкелері, «Бірінші сыныпқа бірінші рет», «Балаға мейірім сыйла», «Мейірімді қолдар» және басқа мерекелік іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ, акция аясында құқық қорғау органдары үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп дәлелсіз себептермен мектепке бармай жүрген және сабақтан жиі қалатын балаларды анықтау мен есепке алу мақсатында компьютерлік клубтарда, саяжайлар мен базарларда, вокзалдарда және басқа да көңіл көтеру орындарында 2233 рейдтік іс-шара жүргізді. Сөйтіп, акция барысында облыс, қала және аудан әкімдігі, жеке кәсіпкерлер, мектеп әкімшілігі аймақтағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қамқорлық көрсетумен қатар олардың әлеу-меттік себептермен мектепке бара алмауының алдын алды.

19 қазан 2018 г. 5 312 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 653 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031