» » Бала шақтан - болашаққа!

Бала шақтан - болашаққа!

Осы оқу жылының 14 мамырында бастауыш сынып мұғалімі Ізтұрғанова Ұлболсын апайдың ұйымдастыруымен "Бастауышым - балбұлағым" атты 4 "в" сыныбының бастауышпен қоштасу кеші өтті, - деп хабарлайды «Edunews.kz» Ақпараттық Агенттігі Достық Жалпы Орта мектебіне сілтеме жасап.

Кеш жоғары деңгейде әсерлі болып, көрермен көңілінен шықты. Ұстазымыздың ізденісі арқылы үлкен дайындықпен өткізген кешін шәкірттерінің жанып тұрған жанарлары мен мың бұралған билері, таңдай қаққызған көріністері мен өлең шумақтарын әсерлі орындауынан байқауға болады. "Ұстазы жақсының -ұстамы жақсы" дегендей оқушылардың шетінен өнерлі де білімді болуы ұстазының еңбеқорлығынан. 
Ұлболсын апайдың шәкірттері сайдың тасындай біркелкі формада киініп, ұлттық нақыштағы киімдерімен би билегенде таңданбасқа амалың жоқ. Ата-аналары мен балалары және бірнеше оқушының әуелете шырқаған әндері тыңдарманның жүрегіне жетті. Бұл да ұстазымыздың ата-аналарымен тығыз байланыста болғандығының айғағы. Сыныбындағы дзюдодан, қазақ күресінен бірнеше аудандық, облыстық, халықаралық турнирлердің жеңімпазы Ақан Сейсенбайға арнаған және сыныбы жайлы жасаған бейнероликтері мен слайдтары өте сапалы әрі көрермендерін бей-жай қалдырмады. Осындай көпшіліктің көңілінен шыққан ұстазымызға кеш соңында ата-аналары, әріптестері алғыстарын жаудырды. Ұлбосын апайымызға алдағы уақыттарда да мықты денсаулық, еңбекте табыс тілейміз!
Е.Балғынбаев - директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу жөніндегі орынбасары

Дереккөз: Достық Жалпы Орта мектебіне.

16 мамыр 2019 г. 7 324 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 205 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031