ҚР БҒМ басшысы гранттар саны артқан мамандықтарды жариялады

«Биылғы жылы бакалавриат үшін 6 мың, ал магистратура үшін 3 мың орынға гранттар саны артып отыр. Негізінен біз барлық мамандықтар бойынша гранттар санының бір келкі өсуін қадағаладық», - деді министр.
Оның сөзінше, педагогикалық мамандықтарға бөлінетін гранттар саны едәуір көбірек екен.
«Орташа алғанда өзге мамандықтарға қарағанда педагогтар дайындауға 20% көбірек гранттар бөлінді», - деді ведомство басшысы.
Е.Сағадиев гранттар тізімі жарияланғанын және бәрі қалыпты өтіп жатқанына тоқталды. Бұған қоса биыл талапкерлердің баллы тең болған жағдайда ғана «Алтын белгі» иегерлері басымдық берілетінін айтты.