» » 1 қыркүйектен бастап қазақстандық 500 сынып ағылшын тілінде оқи бастайды

1 қыркүйектен бастап қазақстандық 500 сынып ағылшын тілінде оқи бастайды

1 қыркүйектен бастап 500 сынып өз еркімен ағылшын тілінде оқуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкіметте өткен пресс-конферецияда айтты, деп хабарлайды Вnews.kz.
«Жоғарғы сыныптар мен ЖОО-ны ағылшын тіліне көшіру – бәсекеге қабілеттілікті көтеруді басты мақсаты. Биыл біз мұғалімдерді жаппай оқытуды бастаймыз. Шамамен 4 мың мұғалім курстан өтті. Қыркүйекте тағы 8 мың мұғалім тереңірек оқи бастайды», - деді министр.
Оның айтуынша, Қазақстанда 70 мың мұғалім қайта даярлау курсынан өтеді.
«Қабылдау коэфиценті өте жоғары. Былтыр мұндай курсқа қатысқан 74 мың мұғалімнің 2,5 % сынақтан өте алмады және екінші рет өтуге мәжбүр болды. Біз үшін бұл – үлкен көрсеткіш», - деді ол.
Бұдан басқа, БҒМ басшысының айтуынша, эксперимент аясында 500-ден астам сынып 1 қыркүйектен бастап, ата-аналардың жазбаша рұқсатымен ағылшын тілінде оқуға көшеді.
«Эксперимент өте маңызды. Жыл бойы балаларды, мектеп мұғалімдерін қадағалап, оның нәтижесіне сәйкес келесі жылы ата-аналар және мұғалімдер қоғамдастығымен талқыға саламыз. Біз үш тілді білім берудің нақты кестесін қабылдаймыз. Бірақ қазірде нәтижелері қуантарлық. Балалар қорықпайды, ата-аналар құптайды, мұғалімдер жақсы нәтиже көрсетеді», - деп түйіндеді Е.Сағадиев.
26 шілде 2017 г. 3 416 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 837 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 740 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930