» » БОЛАШАҚ – БІЛІМДЕ

БОЛАШАҚ – БІЛІМДЕ

 Қай заманда да өр­ке­ниеттің өрлеуі интел­лек­туалдық шығармашылық қабілет­тің негізінде іске аспақ.  Сондықтан да, нарықтық қатынастар негізінде қалыптасып келе жатқан Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі оқушылардың мүдделерін қолдау болып табылады. Осыған орай әрбір мұғалімнің ең негізгі міндеті - әрбір оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырып әрбір оқушының шығармашылық шабытының тууына жағдай жасау. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.

Сондықтан да, қазіргі таңда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы қызметкерлерінің алдында тұрған негізгі міндет ұстаздардың бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білімдерді ала алуларына және соған сәйкес оларды сабақ өту барысында қолдана алу іскерліктерін игерулеріне, сол арқылы оқушыларды шығармашылық тұлға ретінде қалыптастыруына негіз қалау болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асыру орта білім беру жүйесінде оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталы ету, оларға жаңа білімді тек репродуктивтік қана емес ізденіс жүргізу және зерттеушілік қызметтерін дамыту арқылы игерту мәселелерінің практикада нақты шешімін табумен тығыз байланысты.

Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты қызметкерлері аталмыш мәселе бойынша көптеген жұмыстар атқаруда. Мәселен, Республикамыздың мектептері жаңартылған білім мазмұнына көшуіне байланысты  ұстаздардың біліктіліктерін арттыру курстарында балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруды жүзеге асырудың алғашқы қадамдарының бірі сабақты жоспарлау кезіндегі ескеретін кейбір жағдайларды қарастырып кетеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтуы міндетті емес. Мұны анықтап алғаннан соң, келесі кезекте сабақтың басында оқушылармен бірге сабақтың мақсатын ашу мәселесі орын алады. Бұл дегеніміз, әрбір оқушы қазір өтейін деп отырған сабақтың мақсатын нақты біліп қана қоймай, сонымен қатар олар үшін бұл жаңа әрі қызықты болуы қажет. Мұндай тұжырымды, сонау 80-ші жылдары белгілі дидакт М.Н. Скаткин жасаған. Ол өз еңбегінде В.А.Сухомленский, Я.А.Коменский, Н.А.Добролюбов сияқты педагогтардың еңбектеріне сілтеме жасай отырып жасаған.

Негізінде, оқушылар оқу қажет болғаннан емес, өз еркімен оқуға ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. Олай болса, құрметті ұстаздар қауымы, өз мамандығының білікті де білімді маманы  болу арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге ықпал ете аласыздар.

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» 

кафедрасының меңгерушісі Мусабеков М.О. п.ғ.к., доцент




Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
19 ақпан 2020 г. 4 204 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 837 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 740 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930