» » Жас келсе – іске!

Жас келсе – іске!

Қазір әлем қарқынды түрде дамып келеді. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әрбір жолдауы мен мақаласында жастар жайлы сөз қозғап, жаңа технологиялар, роботтандыру және автоматтандырудың еңбек ресурстары мен адам капиталы сапасына қатысты талаптар күрделеніп отыратындығын атап айтады. 

Сондықтан әр маман иесі өз саласындағы жетістіктерді саралап, заман талабына сай, жаңа инновацияны жетік меңгеріп,  бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Сол себепті 2019 жылдың қараша айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Жастар жылына» арнап мектепте ұстаздық жолын бастаған жас педагогтерге қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырған «Заманауи мектептегі жас маман: мәселелер, тәжірибе, болашағы» облыстық ғылыми-практикалық конференциясына белсенді қатысып, алғашқы рет өз теориялық білім,білігімізді практикамен ұштастырып, жаңа форматта оқытуда кәсіби сапамызды шыңдауға мүмкіндік алдық.

Конференцияның гуманитарлық бағыттағы секция отырысында модератор Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы Айнабекова Зульфия Ахметовнаның  мақсатты да нақты атқарылған жетекшілігі негізінде 1 жыл мен 5 жыл аралығында қызмет еткен жас мамандар жұмыс барысында:

  • өмір бойы оқу контексіндегі көптілді білім беру;
  • Рухани жаңғыру: рухани құндылықтар арқылы оқыту және тәрбиелеу;
  • заманауи қоғамның жаңа бағдары: жастар және ғылым аясында туындаған мәселелер бойынша баяндама жасап, ой бөлісіп, көптеген проблемалардың шешімін аңғардық.

Сонымен қатар Конференцияның алға қойған:

- заманауи прогресте мақсатқа жету үшін жас маманның үздіксіз қалыптасуын қамтамасыз ету, сонымен бірге жас мамандардың облыстық деңгейде педагогикалық жаңғырудың жаңа кезеңіндегі тәжірибелерімен бөлісу;

  • жас мамандарға өздігінен кәсіби білім алуға деген көзқарас қалыптастыру;
  • кәсіби мәртебесін білім берудің барлық деңгейін көтеру және қолдау, педагогикалық жаңашылдықты үйрену, меңгеру, дамыту мақсаты мен міндеттері ойдағыдай іске асырылды деп анық айта аламыз.
  • Өйткені модератордың әр пікір-ой бөлісу аяқталуымен тыңдаушылармен жүйелі кері байланыс арқылы проблемалар нақтыланып, оны шешу жолдары қарастырылып отырылды.
  • Мысалы, Сарыағаш ауданы, №1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі әріптесіміз Ж.А.Бимуратованың «Тапсырмаларға сәйкес құрылған дескриптордың оқушыға білімді игертудегі маңызы» тақырыбындағы баяндамасында мазмұны жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілік арттыру курсында алған бойынша оқушыны өз ойын ашық, нақты жеткізе білетін сыни ойлау қабілетін шыңдау, өздігінен білім алуға және бірлесе оқуға, топтарда көшбасшылық жасай білуге, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана алуға, өз білімін және өзгенің білімін шынайы бағалай алуға  үйрету жолдарын оқып келіп, өз тәжірибесінде  қолданғанын таныстырды. Қорытындысында мұғалім сабағының мақсатқа жетіп, нәтижелі болуы үшін оқушыға нені қалай оқытуды білуі, қысқа мерзімді сабақ жоспарын сапалы түзуі тиіс. Бұл мақсатқа білімі терең, біліктілігі және кәсіби шеберлігі жоғары мұғалім ғана жете алады, деп аяқтады.
  • Кері байланыс арқылы тыңдаушылардың ұйғарғаны - сабақ нәтижелі болу үшін сапалы қысқа мерзімді сабақ қалай жоспарлануы қажет? Оның шешімі:
  • Мақсаты анық
  • Бағалау критерийлері нақты және өлшемді
  • Тапсырмалар нәтижелі
  • Белсенді әдістер тиімді
  • Формативті бағалау жүйлі және үздіксіз, түрлі формада
  • Сабақ міндетті түрде сабақ мақсатқа жеткенін дәлелдейтін рефлексиямен аяқталуы тиіс екендігін нақтыланды.
  • Өкінішке орай бұл мәселе практика жүзінде әлде де жас ұстаздардың кәсібилігін шыңдалуын талаб етеді. Сондықтан ПҚБАИ тренерлері тарапынан өткізіліп жатқан бүгінгі конференция секілді басқа да түрлі курсаралық іс-шаралар: коучинг, мастер-класс, практикалық семинар, тіпті TEDx форматында мұғалімдердің идеяларын тарату кеші ұйымдастырылса деген де ұсыныстар берілді.

Конференция барысында сондай-ақ жас мамандар Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Еркін елдің болашағы – іргелі білім мен озық ғылымда» деп айтқандай. Жас педагог әріптестеріміздің баяндамаларынан қазіргі кезде әр сәт сайын жаңа идеялар, жаңа технологиялар пайда болуымен байланысты инновациялық технологиялар білім беру саласына да орын алғанын айтып, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беруде әр түрлі әдістерді қолданудың маңызы зор екенін айқындадық.

Білім  бәсекесіне  бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің  мақсатымыз. Сондықтан  да  жаңалықтардан  қалмай  жаңалық  жаршысы  болуымыз керек. Бұл  мақсаттарға  жету  үшін  мұғалімнің ғылыми-әдістемелік ізденісі, жаңа  тәжірибе, жаңа  технологиялар  қолдану  қажеттілігі туындайды.  Сабақта  мұғалім  диалогтік  оқытуды, коммуникативтік құзырлылықты қалыптастыратын дискуссия әдісін, көптілділікке дағдыландыратын дамытатын CLIL технологиясын тиімді  пайдалана  білсе, оқушының  сабаққа  деген  қызығушылығы  артады, шығармашылық  жұмысқа  үйренеді, сонымен  бірге  оқушы  мен  мұғалім  арасында  ынтымақтастық  орнап, сабақтың  тиімділігі  арта түсетіндігіне көз жеткіздік.

Конференция соңында жас ұстаздар іс-шараның маңызы зор, әр қатысушы өзіне қажетті көптеген мәліметтерді, джаңа идеяларды алғандығын айттып, осы әрекетті ұйымдастырған Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ басшыларына және ұстаздар ұжымына алғысымызды білдіреміз.


Автор: Динамалиева Я.Д., 

А.Гайдар атындағы ЖОМ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы   


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
23 желтоксан 2019 г. 5 739 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 993 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 796 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930