» » Мектеп – мемлекет тірегі

Мектеп – мемлекет тірегі

 Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын құтты мекен. Осындай қазыналы білім ордасына айналған мектептің бірі «Талапты» ауылында орналасқан, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп. Білім ордасы өз бастауын 1936 жылдан бастады. Бастауыш сыныптың көлемінде құрылған бұл мектеп кейіннен «Ақ школ»  деген атпен   Сегізтам ауылының арғы сыртына көшірілді. Кейінгі жылдарда еліміздің алдындағы міндетті жеті жылдық білім алу мәселесі қойылды. 1949–1950 жылдары  «Талапты» жеті жылдық мектебі құрылып, 1967–1968 оқу жылында мектепке ұлы ғалым, Қазақстанның тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімі берілді. 1990 жылдың қыркүйегінде орта мектеп болып ашылды.     2011 оқу жылының  наурыз айында мектеп 200 орындық жаңа ғимаратқа көшірілді. Бүгінгі таңда 60 мұғалім қызмет етуде. Мектепте 322 оқушы бар.  Мектеп ұжымы «Шығармашылық іс-әрекетті дамыту арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру» бағыты бойынша жұмыс жасайды. Тарихы терең мектепті Ділдабай Ләззат Ермаханқызы басқарып отыр. 1990–1995 жылдары Қазақ қыздар педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиеті   мамандығы бойынша білім алды. 1994–2007 жылдары осы мектепте мұғалім, 2007 жылдан 2020 жылға дейін директордың орынбасары қызметін атқарды. Ал, 09.12.2020 жылдан бастап Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп директоры болып жұмыс жасауда. 

Мұғалім - мектептің  айнасы. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және шығармашылықпен жұмыс істеу бағытында  «Жерұйық», «Шамшырақ», «Тағылым» шығармашылық топтары жұмыс жасайды. 

Биылғы оқу жылы үлкен өзгеріс пен ерекшеліктермен басталды.Бірінші қыркүйек күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде «Әліппе» және «Букварь» оқулықтары табыс етілді. Сонымен бірге, «Жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курсын енгізу оқушылардың бойында қазіргі қоғамның талаптарына сай білім мен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік берді. 

Білім беру ұйымдарындағы оқу процесі екінші жыл пандемия жағдайында өтті. Шектеу шараларына байланысты оқушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толықтыру өзекті міндетке айналды. Әрбір педагогке шәкірттерінің білімін толықтыру бойынша арнайы жұмысты ойластыру және тиімді жүргізу қажет болып отыр. Ең басты міндеттеріміздің бірі – оқушының білім алуы мен дамып-өсуіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау.Былтырғы оқу жылында қашықтықтан оқыған көп балалы отбасыларға  арнайы мемлекет тарапынан ноутбуктар мен планшеттер берілді.

Мектеп мұғалімдерін аттестаттау 5 жылда бір өткізілгендіктен,  мұғалімдерді алдын-ала дайындау мақсатында мектепішілік жоспар бойынша жұмыс істелінді. Аттестациялық комиссия бекітіліп, аттестациядан өтетін мұғалімдердің сабақтарына қатысты. Мұғалімдердің іс-тәжірибесі жинақталып, әдістемелік папкалары толықтырылды. Мұғалімдердің жұмысына талдау – сараптау жасалынып,   санаттарына сай мінездеме жазылды. Қазіргі таңда, мектепте 6 педагог –зерттеуші, 10 педагог-сарапшы, 21 педагог-модератор бар. Мұғалімдердің кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында әр жылы мезгілі келген мұғалімдер білімдерін жетілдіру үшін арнайы курсқа жіберіліп отырады. Осы жұмыстардың нәтижесінде мектебіміздің ұстаздары әртүрлі, оның ішінде халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпаздары. Атап айтсақ:

  1. Агулова Гүлбақыт – «Үздік педагог олимпиадасы – 2021» республикалық байқауының І орын иегері;
  2. Налжанов Әділет – «Үздік педагог маман мақтанышы» халықаралық байқауының ІІІ орын иегері;
  3. Исаева Гулнур – «Үздік мұғалім-2021» байқауының І орын иегері;
  4. Серікбаева Жазира – «Ең үздік сынып жетекші- 2021» байқауының ІІІ орын иегері;
  5. Әбілда Дана – «Үздік тәлімгер» байқауының ІІІ орын иегері;
  6. Алиева Гулнар – «Бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік» олимпиадасының бас жүлде иегері;
  7. Оразбаева Сандуғаш – «Үздік психолог» байқауының ІІІ орын иегері. Осы секілді тағы да басқа ұстаздардың жетістіктері жетерлік. Оқушылары да түрлі олимпиадалардың жеңімпаздары.

Озық тәжірибелі мұғалімдерден  нені үйренуге болатыны, қандай жаңа технологияларды пайдаланатыны, мұғалімдердің озық іс-тәжірибесін насихаттау мақсатында «Үлкен ізденіс»  қоғамы жұмыс істейді. Мектептегі жас  мұғалімдердің кәсіптік – педагогикалық бейімделуін жетілдіру мақсатында «Жас мұғалім» тобы құрылып, жетекші  бекітіліп, әртүрлі тәлімгерлік жұмыстар ұйымдастырылды.  Жас мұғалімдерді шығармашылық ізденіске баулу мақсатында   «ХХІ ғасырдың жас ұстазы»  атты сайыс-байқау өткізілді.  Ерекше белсенділік танытқан топ мүшелері әкімшілік тарапынан марапатталып, заттай сыйлықтарға  ие болды. Ашық сабақтар, пікір алмасулар дөңгелек үстел арқылы жүргізілді. Әрі жас мұғалімдерге дер кезінде керекті әдістемелік көмек берілді. 

Әрі мектепте оқушылардың пәнге қызығушылығы, қабілеті артып келеді. Мұғалімдердің  аянбай еңбек етуінің нәтижесінде оқушылары республикалық, облыстық, қалалық байқаулардың жеңімпазы атанып жүр.  Бұл жетістік те мектепте жүргізілген төменгі іс-шаралардың нәтижесі деп ойлаймыз:

-        жүйелі түрде бақылау кестелері алынып,нәтижесі талданып, тиісті шаралар қолданылуы;

-         жаңа оқу технологияларын шығармашылық шағын топтардың оқып үйренуі, практикаға енгізудің жолға қойылуы;

-        мұғалімдердің  өздігінен білім алу жоспарының болуын қадағалап, оның орындалуын басты назарда ұстауы;

-        жүйелі түрде мұғалімдердің сабағына қатысып, әдістемелік көмектің көрсетілуі;

-        жаңа буын оқулықтарымен оқушылардың 90 пайызының   қамтылуы және кітапханада әдістемелік құралдар мен оқулық қорының жақсы сақталуы;

-        мектептен тыс танымдық іс-шаралардың (апталық, сайыстар т.б.) жиі өткізіліп отырылуы;

-        мұғалімдердің пәндік газет-журналдарға жазылуын қадағалауы;

-        әр пәнді өз мамандарының беруі;

-        мұғалімдердің қайта даярлау курстарынан уақытында өтуінің барлығы өз септігін тигізді.  Олай болса, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын негізге ала  отырып, біздің Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы жалпы орта мектеп ұжымы   жаңа заман талабына сай,  ақыл –парасаты мол, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қажырлы  еңбек ете береді деп сеніммен айтуға болады.       

«Қазақтың тағдыры да, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі»-деген Мағжан Жұмабаевтың сөзін еске ала отырып, «Басқаларды үйретуден, біздің өзіміз де үйренуден жалықпайық» деп ұлы философ Сенека айтқандай, үйретуге, үйренуге жалықпай  еңбек ете берейік!


Ділдабай Ләззат Ермаханқызы
Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры
Түркістан облысы, Отырар ауданы
03 ақпан 2022 г. 1 991 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 064 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 821 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930