» » Қ.И. Сәтбаев атындағы І республикалық химия олимпиадасының қорытындысы

Қ.И. Сәтбаев атындағы І республикалық химия олимпиадасының қорытындысы

  Қарағанды облысы Жезқазған қаласында 2017 жылғы 31 қазан - 2 қараша күндері өткізілген Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы химия пәнінен І республикалық олимпиадасына республиканың 17 аймағынан 70-тен астам 9 сынып оқушылары қатысты. Екі тур бойынша жүргізілген олимпиада Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде өтті.

Қатысушылар үшін Жезқазған және Сәтбаев қалаларының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды. Команда жетекшілері Жезқазған қ. білім беру ұйымдарына барды.

Павлодар облысынан 2016-2017 жылғы химия пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері - дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушылары Щегляев Андрей және Зелева Кристина, дарынды қыз балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының оқушысы Сембекова Дильназ қатысты.  

Олимпиада қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушысы Щегляев Андрей ІІ орынға ие болды (мұғалімі Молокова И.Н.)

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

08 қараша 2017 г. 1 587 1

WilliamCearl от 5 маусым 2018 00:02
Я бы не сказал что она красотка ----- https://nekto.me/id808338/blog/391789 Гришка

Жаңалық тізбесі

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031