» » 90 ЖЫЛДАН АСТАМ ТАРИХЫ БАР ІРГЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫ

90 ЖЫЛДАН АСТАМ ТАРИХЫ БАР ІРГЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫ

«Біз мектептерді қалай материалдық 

жағынан қамтамасыз етсек те, білім сапасын 

жақсы мұғалімдерсіз көтеру мүмкін емес»

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 

Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя.  Алты-ақ әріптен құралған бұл сөздің құдіреттілігі де сонда жатқан болар. Дінмұхамед  Ахметұлы   Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебі -шәкірттеріне шексіз тәрбие мен білім беріп келе жатқан іргелі орда.

МЕКТЕП  ТАРИХЫ  МЕН  ЖЕТІСТІКТЕРІ

1927 ж. – “Қызыл отау”  болып ашылды.

1928-1929 жж. – Бастауыш мектеп  болды.

1929-1930 жж. – Шаруа, жастар мектебі болды.

1941-1947 жж. – Орталау мектеп болды.

1948-1992 жж. – Ойық орта мектебі  болы аталды.

1992 жылдың қаңтар айында мектепке қазақ халқының кемеңгер, біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі берілді.

2000 жылы “Ғасырлар тоғысындағы таңдаулы мектеп” атағымен марапатталды.

2013 жылы Тараз қаласындағы жаңадан ашылған Назарбаев зияткерлік мектебінің Жамбыл облысы бойынша серіктес тірек мектебі ретінде таңдалып алынды. 

2014 жылы Талас ауданы бойынша «Үздік орта білім беру ұйымы» байқауының жеңімпазы,  

2015 жылы аудан мектептері  арасында  «Үздік ауыл мектебі» атанды.

2016 жылы аудан мектептері  арасында  «Үздік ауыл мектебі» атанды.

2017 жылы аудан мектептері  арасында  «Үздік мектеп» марапатына ие болды.

    

Баланы білім нәрімен сусындата білген бұл мектепке 1992 жылдың қаңтар айында қазақ халқының кемеңгер, біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі берілді.

       Дінмұхамед  Ахметұлы   Қонаев атындағы  Ойық ауылының  орта мектебі – ауданға танымал білім  мекемесі. Ұжымдағы 39  педагогтың  38-і жоғары білімді, 1 арнаулы орта білімді мамандар. Сонымен қатар мектебіміздегі мұғалімдердің арасында Ы.Алтынсарин медалінің иегері-1,  Білім және ғылым министрлігінің  құрмет грамотасы иегерлері- 3, Білім және ғылым министрлігінің алғыс хат иегері-5. Бұл білім саласындағы мұғалімдерге кездейсоқ беріле салатын марапат емес,  бала тәрбиелеу мен оқыта білудегі нәтижелі еңбектің жемісі.          

       Бірлесіп, ынтамақтаса жұмыс атқарудың нәтижесінде  және 2006 жылдан бастап Дінмұхамед Ахметұлы  Қонаев атындағы Ойық ауылының орта    мектебінің басшысы Ғылым  Әлімхановтың  ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында соңғы жылдары  мектеп ұжымы біршама жетістіктерге жетті.

       2014 жылы Талас ауданы бойынша «Үздік орта білім беру ұйымы» байқауының жеңімпазы болды. Облыстық  «Үздік орта білім беру ұйымы» байқауына қатысты. 

        2015 жылы аудан мектептері  арасында  «Үздік ауыл мектебі»;

      2016 жылы аудан мектептері  арасында   қатарынан екінші рет  «Үздік ауыл мектебі»;

       2017 жылы аудан мектептері  арасында  үшінші жыл қатарынан  «Үздік мектеп» марапатына ие болды. Бұл- мектеп мұғалімдерінің жемісті еңбегі, маңдай тері десек те болады.

       2013 жылы  «Үздік педагог» байқауының аудандық жеңімпазы Ж.Төлеу, Жамбыл облысының «Үздік педагогы» төсбелгісінің иегері болды.

       2016 жылы математика пәнінің мұғалімі Игенбай Жандос аудандық “Үздік педагог-2016” байқауының бас жүлдесін иеленіп, облыстық “Үздік педагог-2016” байқауының  ІІІ орын иегері атанды.

       2017 жылы тарих пәнінің мұғалімі Құранбеков Ғабиден  аудандық “Үздік педагог-2017” байқауының бас жүлдесін иеленіп, облыстық “Үздік педагог-2017” байқауының  ІІІ орын иегері атанды.

           2016 жылы бастауыш сынып мұғалімі Көпжігітова Гүлзира  аудандық  “Бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасының”   ІІІ орын иегері атанды.

        2017 жылы  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гаипова  Гулмира  облыстық «Үздік құқықтық кеңес»  байқауының ІІ орын иегері атанды.

        2017 жылы бастауыш сынып мұғалімі Алмабаева Асылай облыстық  “Үздік ашық сабақ”  байқауының  ІІІ орын иегері атанды.

        2018 жылы география пәнінің мұғалімі Шарденова Гаухар аудандық  «Үздік  география пәнінің мұғалімі» байқауының жеңімпазы, облыстық  «Үздік  география пәнінің мұғалімі» байқауының ІІІ орын иегері  атанды.

         2020 жылы көркем еңбек  пәнінің мұғалімі Исакова Ұлжан аудандық  «Шебер ұстаз»  байқауының жеңімпазы, облыстық  «Шебер ұстаз» байқауының ІІІ орын иегері  атанды.

         ҰБТ қорытындысы бойынша 2010-2021  жылдары аралығында                          11 сыныпты аяқтаған  мектеп оқушылары арасынан  20 оқушы  «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болды. Олар:

      2009-2010 оқу жылында:   Әнуарбек Әсел- «Түркістан» газетінің тілшісі,  Керімқұлова Мадина- Болашақ стипендиясы бойынша  Ұлыбританияның Лестер  университетінің магистранты.

      2010- 2011 оқу жылында:  Құлтасова Перизат, Мақұлбекова Жансая.       

      2014- 2015 оқу жылында:  Смағұл Ардақ

      2015- 2016 оқу жылында: Тасболат Әсел, Тасболатова Аяулым,  Жамбыл Айдана

     2016- 2017 оқу жылында: Тазабек Мадина

     2017- 2018 оқу жылында:  Жұман Назым, Қырықбай Еркеназ, Бодаубек Айнұр, Төленді Нұрайдар, Сентірбек Жұлдызай

     2018- 2019 оқу жылында:  Қосалы Дана,  Нұрғали Бексұлтан

     2020- 2021 оқу жылында:  Әнуарбек Аружан, Алғабас Жанат, Қосалы Әлихан,  Қалқабек Алтай

      Соңғы үш жылда  мектептің білім  сапасы   62% -дан  69% -ға дейін көтерілді, соңғы  үш  жылдағы  барлығы   57 оқушы  мектепті аяқтап,  46 оқушы  грант иегері атанды.   

  Білім ордасында оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, рухани- адамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады.

«Мәңгілік ел»   тәрбие орталығы  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Тәрбие орталығы  «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша оқушылар үшін оқу залын ұйымдастырып, балалардың үзілістерде кітап оқуын тиімді ұйымдастырды. Оқылған шығармалар бойынша оқырмандар конференциясын өткізу дәстүрге айналып келеді.

Аудандық «Парасатты отбасы» байқауына ата-аналарымыз қатысып, жүлделі екінші орынды иеленді. Мектепте «Қыз жібек» қыздар клубы қыз балалармен тәрбие жұмыстарын мақсатты түрде жүргізіп, танымдық іс шараларын өткізіп отырады. Сонымен қатар қайырымдылық жасауға бағытталған «Еңбек – елдің мұраты» жобасы шеңберінде өзінің кәсіби саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген табысты адамдардың өмірі мен қызметі жайында таныстырылып, білім алушылар арасында кәсіптік бағдарлау жұмысы жүргізілуде. Ауылдағы жалғызілікті  аналардың  үй шаруасына қолқабыс беріп отырады.   

 «Ұшқыр ой алаңы» жобасы мектеп оқушыларының  дебаттық қозғалысы жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру білім алушылардың командада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға, қарама-қарсы пікірге құрметпен қарауға, өз көзқарастары мен пікірлерін белсенді қорғауға үйретуге бағытталған. Пікірсайыс клубының негізгі  мақсаты-қоғамда орын алған проблемаларды жария талқылау және талдау арқылы білім алушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында «Тәуелсіздік тарихтың төл тартуы» тақырыбында -қазіргі қоғамда денің сау болу үшін вакцина қабылдаған дұрыс; - туризмнің қоғамға тигізер пайдасынан кесірі көбірек; -беделді жұмыс немесе беделсіз сүйікті іс жақсы ма?; -жұмысбасты ата- аналар балаларының жарқын болашағын қамтамасыз  ете ала ма?; қарарлары қарастырылып, ойындар  өткізіліп отырады

Білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған  «Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы іске асырылуда.  Жоба шеңберінде мектебімізде  дөңгелек үстелдер, TedX конференциялар өткізу дәстүрге айналып келеді  

      Білім ордасының шәкірттері  білім мен өнер сайыстарының облыстық, республикалық кезеңдеріне қатысып, лайықты білімдерін дәлелдеп жүр. Атап айтсам:

     2019 жылы  республикалық  «Дала дауысы»  байқауында  7 сынып оқушысы  Әбілжан Тәттімбет  І орынға ие болып, Чехияның Прага қаласында өтетін байқауға  жолдама жеңіп алды.

     2020 жылы облыстық «Әл Фараби-Шығыстың ғұлама ғалымы» шығармалар байқауы  4 сынып оқушысы  Әбілжан  Шапағат  ІІ орынға  ие болды.

     2020 жылы республикалық «Менің Отаныма-менің бастамам» шығармашылық жобалар  байқауында 7 сынып оқушысы  Тұрар Ақнұр                      ІІ орын иегері  атанды. 

     2021 жылы  облыстық   «Ақберен» байқауында   Қазақ  тілі мен әдебиеті пәні  бойынша  11  сынып оқушысы   Қосалы Алихан  І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.

     2021  жылы  республикалық  «Абай  әлемі»  байқауында 8 сынып оқушысы  Бармеш Аружан  ІІ орынға ие болды.

     2021  жылы  республикалық  «Абай  әлемі»  байқауында 8 сынып оқушысы  Жұман Аслан  «алғыс хатқа»  ие болды.

     2021 жылы  республикалық жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным»  байқауында  11 сынып оқушысы  Қосалы Алихан облыстық кезеңде                             ІІ орынға ие болды.


       Еліміздің көркейіп гүлденуі және өркениетті елдер қатарына қосылуы келешек ұрпақ бейнесінен көрінеді. Ертеңгі күннің бүгіннен де нұрлы да жарқын болуы тек білімге ғана арқа сүйеген жастардың қолында. Сондықтан мұғалімге артылар жүк жеңіл емес. Алайда бірлікті жоғары  ұс­тайтын мектеп ұстаздарының арқасында түлектеріміздің білімділігі мен шығармашылығын арттырып, тәрбиелі шәкірт тәрбиелеу   мектебіміздің алдыңғы қатардан  көріне беретіндігіне  сеніміміз  мол.


Гаипова Гулмира Султановна,

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Құранбеков Ғабиден Мырзатайұлы,

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары 

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебі

Жамбыл облысы,  Талас ауданы

10 ақпан 2022 г. 1 442 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 203 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031