Балабақша бакыты - Бағилада!
Сыр елі, жыр елі деп, талай ақын жырлаған дарияның жағасына қоныс тепкен қасиетті Қызылорданың түкпір-түкпіріндегі елді мекеннің барлығы жанға жайлы,мамыражай, қазақ деген ұғымның қаймағы бұзылмай сакталып келеді. Осындай керемет ыстық мекеннің бірі Қызылорда облысы, Жаңақазалы қаласында ата-бабаның қазақы салт-дәстүрі мұрты бұзылмастан терең сақталып, әрбір тұрғынның бір-біріне деген бауырмалдық ықыласы көзге ұрып тұратындай. Жүздерiнен мейiрiм мен жылулық төгіліп тұратын қарапайым қазақ отбасында 1963 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген Жұмабекова Бағила бала күнінен үлкендердің есті әңгімесінен құлақ асатын, қағілез әрі зерек болып өсті. Жан-жағына жанашыр, қамқор, жүрегі нәзік, қайырымды бүлдіршінді отбасы мүшелері тегіс жақсы көретін. Ана мен әкенің тағылымды мағынасы тереңнен бой алатын тәрбиесін көріп өскен бүлдіршін қыз 1970 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттайды. Мектепке жаңа қадам басып, қос жанары оттай жанып, білімге ынтызары ауып тұратын Бағила ұстаздарының да сүйіктісіне айналып шыға келеді. Жүрегі нәзік болғанымен, мінезі өжет, қайсар қыз өз қатарларының ортасында да абыройлы, әрі құрметті бола білді. 1980 жылы Жаңақазалыдағы №216 Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепті ойдағыдай тәмамдаған Бағила Жұмабекқызы болашаққа деген арманына қол жеткізу үшін сенім мен үмітті канат етіп, үлкен қалаға қарай аттанады.
Бағила Жұмабекқызы өмiрiндегi ең алғашқы еңбек жолын облыстық «Коммунисттік еңбек» газетінің хат бөлімінен бастайды. Көпшілдігінің бұл ортада да көмегі болып, келген бойда жана әріптестермен емін-еркін араласып, қызметіне бел шеше кiрiсiп кетеді. Жауапкершілігі зор Бағила өзіне жүктелген мiндеттi артығымен орындауға тырысатын тиянақты жан. Қолында дипломы бар, мойынында кызметі бар, басы бос сұлу бойжеткенге кім сөз айтпайды. Талайдың көзінің жауын алып, көкейінен ойып тұрып орын алып жүрген ару қыз ақыры өзiнiң теңiн тауып, азаматының етегінен ұстап өзге қалаға қоныс аударады.
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосына келін болып түскен Бағила ибалы да көргенді, әдепті де ақылды әулеттің қызы екендігін дәлелдеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білді. Тұрмысқа шыққан соң, 1985 жылы Миялы селосының «Жасұлан» балалар бақшасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Жас маманға бірден меңгерушілік ісін атқару оңайға соқпасы белгілі. Бірақ, сонда да үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еңбектің арқасында Бағила өзі жаңа түскен келін болса да, қызметін тез игеріп, меңгеріп алады. Балабақша ұжымын тәртіп пен еңбекке баулып, әр баламен ерекше жылы қарым-қатынаста болулары, ата-аналардың көңілін тауып, береке бірлікті болуын қатты қадағалады. Талапшыл да табанды басшы бола тұра, сонымен қатар қарамағандағы ұжымдастарына үнемі көмектесуге тырысып, алға ұмтылуларына ерiк пен күш беруден жалықпайтын.
Өзі мекен етіп жатқан ауданның штаттан тыс методисті және аудандық меңгерушілері бірлестігінің жетекшісі қызметтерін де қатар атқарған Бағила Жұмабекқызының ерекше еңбекқорлығы жас та болса, талайды мойындатып, көзге түсе бастайды.
1989-1992 жылдары Бағила Жұмабекова Қоғалы ауданына қарасты Миялы ауылынын селолық депутаты болып сайланады. Билікке араласып, саясатқа кірісіп бастаған Бағила талай көкейде жүрген әлеуметтік мәселелерді қолға алып, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие мәселелерін көтереді. Көптеген түйткілді мәселелердің шешімін табуға септігін тигізген Бағила Жұмабекқызының атқарып жүрген істеріне ризалылық танытқан жоғары билік өкілдері аудандық, облыстық мақтау, құрмет грамоталарымен үнемі марапаттап отырды.
Әрдайым әр істі басында жаңалыққа жаны құмар Бағила ханым 1993 жылы облыс бойынша ұйымдастырылған педагогикалык оқудан «Халық педагогикасының мектепке дейінгі тәрбиедегі маңызы» деген тақырыпта ғылыми жобасын қорғайды. Мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқыту және балалардың қабілеттерін дамыту, бүгiнгi коғам үшiн өте маңызды. Басты мәселенi козғап, ой түбінен ойып тұрып орын алған Бағила Жұмабекқызының жобасы басшылықтың көңілінен шығып, ІІ-ші орын иегері атанады. Сол сиякты «Педагогикалык жоба» тақырыбымен «Қазақстан Республикасы оку ісінің үздігі» белгісімен марапатталады.
Жергілікті тұрғындардың мұқтаж мәселелерін шешіп, талай адамды жұмыспен камтып, бауырға да, жатқа да көмек қолын созуға асығып тұратын Бағила Жұмабекқызы нағыз үлгі тұтуға тұрарлық тұлға бола біледі. Ауданның өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып, өмірден түйген-білгенін өзiнен кейiнгiлерге үйретуге асығып, тәжiрибесiмен бөлісіп жүретін Бағила Жұмабекова қай ортада да сыйлы, құрметтi де абыройлы азаматша.
1996 жылы apy кала Алматыға қоныс аударып, жолдасы екеуi балаларының болашағы жарқын болуы үшін барын салып, аянбай еңбек етіп келе жатыр. Өзге кала, өзге мекен канша таңсык болса да, сұлу қаланың сұлу табиғаты мен көркем көшелерi бұл отбасын бірден баурап алады. Әрқайсысы өз iсiне орналасып, күннен-күнге жергілікті тұрғындарға айнала бастайды.
2006 жылы «Атырау облысы мұғалiмдерiнiң» энциклопедиясына енгiзiлiп, жарыққа шыққан Бағила Жұмабекқызының «көзден кетсе, көңiлден кетедi» қылмай, өзге мекенде жүрсе де, өзі қызмет еткен ортасының оны ұмытпағанына қуанады. Бұның өзі жай кызметкер болмағандығының, әр iстi жанын салып жасайтындығының айқын көрiнiсi болса керек.
Бағила Жұмабекқызы 2012 жылдан бастап жеке балабақша орнын ашып, өз мамандығы бойынша қызметке бел шеше кiрiседi. Алматы қаласында орналаскан «Нұр-Даурен», «Айгөлек» атты балабақшаларының құрылтайшысы. Мемлекетке ауыз ашып отырмай, жеке кәсiп кылып және балабақша құнын мемлекеттік балабақшалармен теңестiрiлуi нәтижесінде бүгiнгi таңда елiмiздегi жас аналардың жылдар бойы кезекке тұруы жойылды. Оның үстіне бұндай жеке балабақшаларда бәсекелестік басым болып тұрғасын, баланы жан-жақты дамыту мәселесі тереңінен камтылған. Сондай-ақ уакытылы оңтайлы үйлестіруді талап ететiн акпарат заманында балалардың үш жасқа толғанын күтпей, бiр жасынан бастап-ак бақшаға беру - жұмыс iздеп шабылған жас ата-аналар үшiн таптырмас мүмкiндiк. Таңнан кешке дейiн балаларын осы жерге тастап, алаңсыз өз iстерiмен айналысып келетiн ата-аналардың да бұл балабақшалар жайлы пiкiрлерi оң. Заман талабына сай, қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiн жетiк үйретумен қатар, баланың жан-жақты жетiлуiне толык жагдай жасалған. Тамақтану мәселесiнде де балабақша басшылығы талғампаздыкпен ден қойған. Ең алдымен баланын денсаулығына аландайтын басшылык әр баланын бiр күнде бес рет тамақтануын катты қадағалайды. Баланын тiлiн, ата-ананың көңілін тауып, аянбай тер төгіп келе жатқан Бағила Жұмабекқызының расында да еткен еңбегі мақтауға тұрарлық.
Қоғамдық істердің үнемi басында жүретін осынау білікті басшы, үздік ұстаздың отбасында арқа сүйер тірегі, адал жары мен үш баласы бар екенін бірі білсе, бірі білмейді. Себебі, темірдей тәртіптің иесі, мінсіз қызметін күндіз-түні тынбай еңбек еткеніне қарап, қара басын ойлаған қарапайым жан ба деуіңіз мүмкін еді?! Бірақ, Бағиланың отағасына деген ерекше сый-құрметін, отбасы ошақ қасына келгенде дастарханды жайнатып жіберіп, әр баласының қас-қабағына қарап, тазалығы мен біліміне жіті көңіл аударып жүретiн аяулы ана екендігін көргенде таң қалмасыңызға шүбәміз жоқ. Өкінішке орай, тағдырдың жазмышына не шара? жолдасы 2014 жылы Аққалиұлы Ерік өмірден озды. Кәсіпкер болған. Бағила Жұмабекқызының отбасында бір ұл, екi кызы бар. Ұлы Фархат пен келіні Гүлназия - заңгер, екiншi кызы Манзура мен күйеу баласы Нұрбол - дәрiгер, кiшi кыздары Мөлдiр-экономист. Тәрбие мен әдепті бойларына сiңірiп өскен балалары Бағила ханымның мандай терiнiң ең тәттi жемiсi.
Егемендi елдiң ұрпағын ұлттык негiзде тәрбиелеуге, ана тiлiн құрметтеуге, Отанын сүюге аянбай еңбек етіп, балаларының да, балабақша тәрбиеленушiлерiнiң де болашағына бей-жай қарамайтын Бағила Жұмабеккызы сынды адал жар, аяулы ана, бiлiктi басшыларымыз тұрғанда қоғамымыздың құлдырамасына кәміл сенуге болады!
ЖҰМАБЕКОВА БАҒИЛА,
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» БЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРІ «НҰР-ДӘУРЕН», «АЙГӨЛЕК» АТТЫ БАЛАБАҚШАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ