Студент Назарбаев Университета - елдің ең дарынды жастары болып атанды
Назарбаев университетінің Brainstorm командасы "Дара" ұлттық телевизиялық білім бәйгесінде топ жарды. "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы ұйымдастырған “Дара" ұлттық білім бәйгесі қыркүйектің 24-де өз мәресіне жетті. Мамыр айында басталған байқау эфирге жексенбі күндері шыққан. Жоба Қазақстандағы ең үздік жоғары оқу орындарының 32 командасын бірге жинады: елдің 16 қаласынан, 28 жоғары оқу орындарының студенттері бақ сынады.
Назарбаев Университеттің Brainstorm (“Брэйншторм”) командасы бірінші кезеңнен жақсы нәтиже көрсете бастаған. Жоба барысында студенттер "Кім жылдам?", "12", "Жұмбақ жәшік" атты бөлімдерінің әр түрлі саладағы сұрақтарға жауап берген.
"Qazaqstan" Ұлттық арнасы жобаның ашықтығын, сайыстың әділетті және адал өтуін қамтамасыз етті. Қатысушыларды бір жобаға жинауға Жоғары білім және Ғылым министрлігі қолдау көрсетті. "Қазақстан" РТРК" АҚ баспасөз қызметі атап өткендей, “Сұрақтар дайындалғаннан кейін салмақтылығын, дұрыс-бұрыстығын тексеру үшін жобаның шығармашылық тобы Ұлттық тестілеу орталығына жүгініп отырды. Сонымен қоса, құпиялылықты сақтау және ашықтықты қамтамасыз ету үшін сұрақтар жүйеге күнбе-күн жүктеліп отырды. "Дара" жобасының мақсаты – білім алушыларға өз мүмкіндігін таныту үшін интеллектуалдық телеалаң ұсыну және жастарды оқу, білімге ынталандыру”.
“Әрқайсымыз болашақ жаңа тұлға, Әрқайсымыз - дара тұлға!” - деп ұрандатқан Brainstorm командасы 6 әр түрлі мамандықта оқып жүрген 2-3 курс студенттерінен құрылған. Ойынның жартылай финалын студенттер ең қызықты және есте қаларлық кезеңі деп атады. Сол күні NU командасы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, Astana IT Университеті және Еуразиялық Ұлттық Университетінің командаларымен сайысып, 105 ұпай ұтып, топ жарған. Ал финалда Brainstorm AITU-дың Digital Nomads атты мықты командасымен ойнап, жеңімпаз болып атанды.
Brainstorm-ның капитаны, Саясаттану және халықаралық қатынастар мамандығының 3-ші курс студенті Әміреева Әлияның айтуынша, қатысушылар іріктеусіз еріктілер ретінде, жобаға қызығып бас қосқан, бір бірімен дайындық барысында ғана жақын танысқан. Өздері күтпеген жерден пазлдың бөліктері сияқты, жан жақты тақырыптарды білетін команда болып шыға келді.
“Әр ойынның басында ешқашан “келесі кезеңге өтеміз, жеңеміз” деп айтуға өзімізге рұқсат бермедік. Біздің мақсатымыз жеңіс емес, қойылған сұраққа дұрыс жауап беру, білімімізді сынау, сапалы ойын көрсету болды. Ойын барысында университетіміздің басты ұстанымын - ой еркіндігі, академиялық адалдық пен салауатты бәсекелестікті көрсете алдық деп сенеміз. Сол себепті оқу ордамыздың беделін қорғау қиын болған жоқ, оның беделін түсіріп алу мүмкіндігіміз - ең қиыны сол болды,” - дейді Әлия.
Ойынның соңында жеңімпаздарға байкаудың демеушілерінен пайдалы сыйлықтар берілді. Назарбаев Университетінің негізін қалаушы Президент Шигео Катсу мырза атынан мақтау қағаздары ұсынылды. Алдағы уақытта Brainstorm мүшелері NU-дың бай студенттік клубтар тізіміне - жаңа зияткерлік клубын қосуға тәрізді. Студенттер жас буын зияткерлерді дайындап, қазақ тіліндегі интеллектуалды сайыстарды дамытуға мақсат қойды.
Дереккөз: https://stan.kz/nazarbayev-university-studentteri---eldin-en-darindi-zh-388722/
Қосымша ақпаратты www.nu.edu.kz сайтынан алуға болады.