» » 2017-2018 жж. оқу жылында оқушыларды мектепке тасымалдауды ұйымдастыру

2017-2018 жж. оқу жылында оқушыларды мектепке тасымалдауды ұйымдастыру

 Білім беру органдарының деректері бойынша, ҚР-да мектептері жоқ 1580 елді мекен бар (2016 жылы – 1539 ауыл) деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

 Онда тасымалдауды талап ететін мектеп жасындағы 27 243 бала тұрады (2016 жылы – 22 788 бала). Олардың ішінде:

– тасымалдау 26 551 (97,4%) оқушылар үшін (2016 жылы - 22 278 (97,7%) ұйымдастырылған, оның ішінде 23 197 бала мектепке дейін және кері қарай күнделікті тегін жеткізумен қамтылды, 3 354 мектеп жанындағы интернаттарда тұрады;

– 814 (2,6%) оқушы тасымалдаумен қамтамасыз етілмеген (өздері жетеді, пәтерлерде, туыстарында тұрады) (2016 ж. – 510 (2,3%): Қызылорда облысында (83 оқушы немесе осы елді мекендерде тұратын оқушылардың жалпы санынан 13,6%-ы), Шығыс Қазақстан (249 оқушы, 6,3%), Қостанай облысында (164, немесе 3,8%).

Балаларды мектепке 823 автобуспен, оның ішінде 2016 жылы сатып алынған 23 автобуспен жеткізеді.

Айта кетейік,  «Білім туралы» ҚРЗ сәйкес елді мекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады және жоғарыда аталған шығындар жергілікті атқарушы органдарының есебінен жүзеге асырылады.

21 тамыз 2017 г. 2 706 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 163 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 596 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031