» » Дәрумендер

Дәрумендер

Көкөністер мен жемістерді баптайды.Балалар жемістер мен көкөністердің құрамында дәрумендерге бай екенін біледі.Жемістер мен көкөністер туралы білімдері кеңейді.

Күтілетін нәтиже: көкөністер мен жемістер туралы тусініктері қалыптасты, аттарын айтай біледі.

Бақылау түрі: (жалпылама, жанама)

Әдіс тәсілдер: 

«Миға шабуыл»

Құрылымдалған ойын: «Көкөністер мен жемістерді ажырату»

Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын: 

«Бақта ма, бақшада ма?»

Бала үні: Ашық сұрақтар

Саралап оқыту: Үдеріс арқылы саралау

Рефлексия: «Бас бармақ» әдісі

Ресурстар: Көкөністер мен жемістер суретері, слайд, видео,

Ынталандыру кезеңі:

Кел, балалар, келіңдер,

Жақын келіп тұрайық.

Шеңберді біз құрайық,

Таңертең ерте тұрайық.

Бетті, қолды жуайық.

Тісімізді тазалап,

Айнаға да қарайық.

Шашымызды тарайық,

Денсаулықты сақтайық.

Сабын, тарақ, щеткамен,

Тазаланып тұрайық.

Тазаланып болғасын,

Бау-бақшаға барайық.

Көкөністер пісіпті,

Жеміс-жидек түсіпті,

Жинап теріп алайық.

Сәлемдесу!

Балаларды топтастыру 

Шие тобы:

Біз шиеміз, шиеміз,

Күннің көзін сүйеміз

Қышқыл шырын бізде бар,

Төмен басты иеміз.

Пияз тобы тақпақ:

Луг растет на огороде,

Он большой хитрец в природе,

В сто одежон одет,

Ребятишки на обед

Не хотят его срывать,

Зачем слезы проливат!

Қызанақ тобы:

Піскен кезде қызанақ,

Көз тартар қызыл түсімен.

Бар ма адам сүйсінбей

Томат шырынын ішпеген!

Ұйымдастыру кезеңі:

Көңіл-күйлерін қалай?

- Жарайсыңдар!

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Ауа райы қандай?

- Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

- Күз мезгілінде неше ай бар?

Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызмет  тақырыбымен таныстыру.

Білім беру саласы:  «Таным»

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер»

Балалар дәрумендер біздің ағзамызға ең қажетті заттардың бірі.  Адамның дені сау  болып, сергек болып жүру үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Адам ағзасына дәрумендер қажет. Біздің күнделікті тағамдарымыздың ішінде дәрумендер бар.

Ғажайып сәт:

Бұл кім екен?

Менің есімім Бекзат.

Сәлеметсіңбе Бекзат, амандасайық Бекзатпен балалар.

Бекзат:  Сәлеметсіндер ме балалар.

Балалар мен сендерге көптеген тағамдар әкелдім, олар өте дәмді және денсаулыққа  пайдалы, дәрумендері көп (чипсы, сухарики, Соса Соla көрсетеді).

Тәрбиеші:

Балалар, сендер дәрумендерді білесіңдер ме?

Қандай тағамдарда дәрумендер көп?

Бекзат әкелген тағамдарда дәрумендер бар ма?

Дұрыс айтасындар

Балалар, Бекзат әкелген тағамдарда дәрумендер жоқ, пайдасыз, оларды жеуге болмайды.

Дәрумендер сүттен жасалған тағамдарда, жемістерде, көкөністерде көп болады.

Тәрбиеші: Бүгін, жемістер мен көкөністер туралы өтіп жатырмыз.

Жемістер мен көкөністердің пайдасын. Бейнетаспадан көру.

Бұл жемістер мен көкөністердің біздің денсаулығымызға әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет, өйткені бұларда дәрумендер көп.

Дәрумендердің А,В,С, Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз.

Мысалы: «А» дәрумені:  қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар.

«В» дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен.

«С» дәрумені қарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі.

«Д» дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде .

Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді.

Құрылымдалған ойын: «Көкөністер мен жемістерді ажырату»

Сонымен, балалар бүгінгі оқу қызметімізде жемістер мен көкөністер жайлы әңгімелейміз.

Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі. Жемістер мен көкөністерді қарайтын адамды бағбан дейміз.

Көкөністерді тұқым себу арқылы өсіреміз көктем айында. Күз айында жинап аламыз.

Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім, шабдалы, өрік, шие.

Көкөністерге: картоп, қызылша, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ т. б. жатады.

Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар.

Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Бақта ма, бақшада ма?»

Балалар, бүгінгі оқу қызметінде қандай ақпараттар алдындар?

Жемістер мен көкөністердің пайдасы туралы.

Балалар, «Бас бармақ» әдісі қорытындылау.



  Автор:

 Жұбатқан Назым Сайлақызы                         

«Нұрай» жеке балабақшасы тәрбиешісі

 Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

                                                     
23 қаңтар 2021 г. 2 379 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 163 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 596 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031