» » Өсімдіктер. Арайлы күнде қонақта (ертегі). Менің сүйікті қаламдағы өсімдіктер

Өсімдіктер. Арайлы күнде қонақта (ертегі). Менің сүйікті қаламдағы өсімдіктер

Мақсаты: Ертегі мазмұнын айтуға үйрету.  Сөздік қорларын толықтыру, дыбыстарды дұрыс айта білуін дамыту. Туған жердің табиғатына қамқор бола білуге тәрбиелеу.  
Әдіс - тәсілдер:
әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сергіту сәті, мнемокесте, тіл ұстарту жаттығуы.
Көрнекілігі: гүлдер кестесі, жыл мезгілдері, ағаштар, гүлдердің  суреттері

Сөздік жұмыс: Дымбілмес, өсімдіктер, терек, жеміс ағашы, шырша, қызғалдақ, сарғалдақ, түймедақ, бәйшешек
Мазмұны:

Балалармен амандасу

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Қалдарың қалай? Мен сендерді қатты сағындым.

Бүгін біз сіздермен ұйымдастырылған сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру, қазақ тілі оқу қызметтерін өтетін боламыз.
Балалар, бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Бір жылда төрт жыл мезгілі бар: көктем, жаз, күз, қыс

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қазір жылдың көктем мезгілі

Көктем мезгілінің қай айы?

Көктем мезгілінің екінші айы сәуір.

Көктем мезгілінде ауа – райы қандай болады?

Көктем мезгілінде ауа – райы күн жылынады, қар ериді, құстар жылы жаққа қайтып келеді, гүлдер қауыз ашады.

Жарайсыңдар балалар!

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, сіз кім боласыз?

Дымбілмес: Менің атым – Дымбілмес.

Тәрбиеші: Не үшін ағашты сындырып, гүлді жұлып жатырсыз? 

Дымбілмес:  Неге ағашты сындыруға болмайды?  Болады.

Тәрбиеші: Балалар ағашты сындырып, гүлді жұлуға болады ма?

–  Дұрыс айтасыңдар балалар, болмайды.

Дымбілмес:  Балалар сендер маған не үшін ағашты сындырып, гүлді жұлуға болмайтынын үйретесіңдер ме?

Тәрбиеші: Балалар біз Дымбілмеске өсімдіктерге  қамқор болуды, табиғатты аялау керек екенін түсіндірейік.

Балалар ендеше көктем мезгілінде пайда болатын әдемі гүлдер жайлы өлең шумағын менімен бірге қайталайықшы (мнемокесте арқылы).

Гүлім,гүлім өсе бер,
Әдемі боп, асыл боп.
Күндей жайнап кете бер,
Қызыл, сары, көк болып!

Тамаша балалар!

Балалар тағы бір рет қайталайық. (бірнеше рет қайталайды, дауыс ырғағын өзгертіп).

Балалар, біздің гүлдеріміз жақсы өсу үшін не қажет, қалай ойлайсындар?

Балалар, біздің әсем гүлдеріміз әрдайым жайқалып тұру үшін оларға су, ауа, күн қажет екен. Ендеше балалар «Арайлы күн қоңақта» ертегімізді мұқият тыңдайық.

Баяғы заманда белгісіз бір өңірде, жападан жалғыз бір гүл өмір сүріпті. Гүлдің достары болмапты. Бірде күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Гүл жаңбырдан қаншалықты қашқысы келседе, қаша алмайды. Жаңбыр жауып болған соң, күн қайта ашылады. Гүлдердің көңілі көтеріліп, қуанып, әртүрлі би билей бастайды. Сол кезде оның басыңдағы тұқымы жан-жаққа шашылады. Гүл оны байқамайды, ол тағыда менің достарым жоқ деп мұнайып жылай бастайды. Жарқырап тұрған күннің көзіде жабылып қайтадан жаңбыр жауа бастайды. Жаңбырдан соң күн тағыда қоңаққа келеді. Гүл жан-жағына қараса оның айналасына кішкентай гүлдердің шыға бастағаның көреді. Гүл болса алақай мен енді жалғыз емеспін. Менің достарым көбейді деп қуанады. Содан бері әртүрлі гүлдер жер бетіне шығып, әсемділігі мен әдемділігімен әлемді сәндендіріп келеді.

Сергіту сәті 

Қане балалар бойымызды сергітіп алайық
Бала, бала балақан,
Қане қайсы алақан
Саусақтарын әйбат,
Былай, былай ойнап.
Топ, топ, топ, топ басайық.

Керемет балалар!

Балалар біздің қаламыз, жайқалып, әсем болу үшін, сендер  не істер едіндер?

- Жарайсыңдар балалар. Сүйікті қаламыздың табиғатын қорғап, өсімдіктерін,  бау-бақшаларды күтіп, ағаштар отырғызып, көшелерін көздін қарашығындай сақтап, әрқашан оларға қамқоршы болу біздің міндетіміз. Ендеше балалар қазір сүйікті қаламыздағы өсімдіктермен танысамыз.  

  • Терек - тез өсетін ағаш екен.

Қайталайық терек.

  • Жемістер ағашы – алма, алмұрт ағаштары  өседі.

Қайталайық жемістер ағашы.

  • Шырша – қыс, жазы жасыл түсте болады екен.

Қайталайық шырша.

Көптеген бұтақтар да өседі (жылас, таңқурай, итмұрын т.б.)

  • Бәйшешек,түймедақ, қызғалдақ, сарғалдақ  гүлдері көктем мезгілінде қауызын ашатын алғашқы гүлдер.

Қайталайық  бәйшешек,түймедақ, қызғалдақ, сарғалдақ.

Мінекей балалар біздің сүйікті қаламызда бұдан да басқа өсетін өсімдіктер көп.

-  Ендеше балалар сендермен бір ойын ойнасақ.

Ойын: «Ойлан тап»

Мен ағштардың атын айтқанда қолымызды шапалақтаймыз.

Ал, гүлдерді айтсам аяғымызды топылдатамыз.

  • Шырша
  • Қызғалдақ
  • Түймедақ
  • Терек

Керемет балалар!

Дымбілмес: Рахмет сендерге балалар. Сендердің көмектеріңмен өсімдіктерді жұлмай, сындырмай аяулау керектігін түсіндім.

Тәрбиеші: Балалар біз Дымбілмеске өсімдіктерді қорғауды, олардың қандай нәзік, пайдалы екенін түсіндірдік.

Жарайсыңдар, тамаша балалар!

Қорытынды:

Балалар сонымен біз қай жыл мезгілі жайында әңгімелестік?

Не туралы өлең шумақтарын жаттадық?

Ертегі ұнады ма?

Сүйікті қаламыздағы өсімдіктермен таныстық па? 


Автор: 

Ақбаян Қажығали, 

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК

Тәрбиешісі

Нұр-Сұлтан қаласы

05 мамыр 2020 г. 2 978 0

Похожие новости:

title
Ағаш - табиғат көркі
Мектепке дейінгі білім
title
«Қысқы еңбек»
Мектеп ақпары
title
Қызықты математика!
Рухани жаңғыру және білім

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 205 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031