Мысырдағы қазақстандықтарды ұлттық қауіпсіздік қызметі ұстаған - СІМ

«Бүгін Қазақстан Елшісі Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан азаматтарын ұлттық қауіпсіздік органы қызметкерлері ұстағаны белгілі болды. Толық мәліметтерді жақын арада хабарлайтын боламыз», - деді Ә.Жайнақов. Бұған дейін Мысырда жоғалып кеткен 6 қазақстандық студентті Каирдің құқық қорғау органдары ұстап отырғандығы туралы хабарланған болатын.