» » Lesson Study аясында зерттеу жұмыстары

Lesson Study аясында зерттеу жұмыстары

 Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III съезінде: "Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнімен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа фармацияның педагогы қажет" деген болатын. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. Бастауыш сатыда "Математика" пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретінде деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.  Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік - компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді. әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготский, Л.В.Зинков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В.ММонахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады.

        Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. «Зерттеу сабағы қарапайым идея болып табылады. Егер сіз оқытуды жақсартқыңыз келсе, онда басқа мұғалімдермен бірге жұмыс істеу-жоспарлау, бақылау және сабақ бойынша ой жүгіртудің қаншалықты маңызды екені  анық емес пе?  (Lewis, 2002) тұжырымдамасы бойынша  жаңа технологияның бірі:

        Lesson Study әдісі – ондағы басты мақсат әріптестермен бірігіп,

•Сабақ жоспарын  құру

•Зерттеу сабағын талқылау

•Сабақтың жоспарын талқылау

•Зерттеу сабақтарын өткізу болып табылады. 

        Lesson Stady – сыныпты зерттеу  нысаны  немесе  түйінді  сипаты: креативтілік пен ғылыми дәлдік. 

Мақсаты: Оқыту  үдерісіндегі  тәжірибені  жақсартуды  және  жетілдіруді  зерттеу. Сабақ жоспарын құру барысында зерттеуші  3 мұғалім және 1 бақылаушы  мұғалімнен  құралған топ бірігіп, зерттеу сабағын ұйымдастыру үшін әдебиеттік  оқу, математика пәнін таңдап алынды. Зерттеуші  топ  аптасына бір реттен жиналып,  А,В,С  деңгейіндегі  оқушылар тобына жататын оқушының    сабақ барысында іс –әрекетін зерттеу үшін, оның қажеттілігін  анықтауға болатын  тиімді әдіс -тәсілдерді  сабақтың жоспарын құруда талқылап шықты. Оқушының қажеттілігін  қанағаттандыру үшін Блум таксономиясы бойынша талдау сұрақтарын   сабақ барысында қолданып, оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіре түсу жұмыстарын қолға алып, оны сабақ сайын күрделендіре түсу  жоспарланды.

        1-ші зерттеу сабағы 17 қаңтарда  әдебиеттік оқу пәнінен: А.Байтұрсыновтың Крыловтан аудармасы – «Маймыл мен көзілдірік» мысалы. Осы сабақ барысында анықталып алынған А,В,С деңгейіндегі оқушыларымның сабақ барысындағы іс-әрекеттерін 3 мұғалім зерттеп шықты. Блум токсономиясына байланыстырып құрылған сабақ жоспары мен сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту үшін берілген сұрақтар жауаптарымен сәйкес келе ме, жоқ па сабақ барысында анықталды. Сабақ сәтті өтті. С деңгейдегі оқушының  ұяңдығын ашатын түрткі сұрақтары алға қарай ілгерілеуге жетеледі. Жетелеу сұрақтары арқылы, жеке жұмыстар мен тапсырмалар беру арқылы сабаққа деген қызғушылығы  мен  топ арасында көшбасшылық қабілетін А деңгейіндегі оқушым көрсете білді .В деңгейіндегі оқушым бастапқыда сұрақтарға онша араласпады, кейіннен  оның белсенділік қабілеті арта түсіп, топпен тапсырма берілгенде топ басшының берген тапсырмасын  өз деңгейінде  орындап шығып, өзін көрсете білді. Оқушы үнін тыңдаған кезде А деңгейдегі оқушым  мысалдағы  кейіпкерді ақылды маймылмен ауыстырар едім деген тұжырым жасады, яғни сонда оқушының тек ақымақ маймыл емес,  ақылды маймыл да болатынын маймылды екінші қырынан көргісі келетінін түсіндіріп айтты. Яғни, сыни тұрғыда ойлау қабілетінің жоғары екендігін аңғарта түсті, В деңгейдегі оқушым - «Еш нәрсені өзгертпей осы сабақты қайта өтілгенінін қалаймын, маған өте қызықты болды»- деп жауап берді . С деңгейдегі оқушым – «Сабақ ұнады, бірақ мен бұл сабақта өзімді  көрсете алмадым.»- деген тұжырым жасады. Келесі сабақта белсендірек болатынын айтып өтті.

        2-зерттеу сабағы  әдебиеттік оқу  пәнінен 28 ақпан күні тақырыбы: Бекмырза Баймахановтың «Құмдағы құпия», аймақтық семинар сабақ ретінде өткізілді . Сабақ мақсатына жетті. Оқушылардың білім деңгейн көтеру, сонымен қатар желілік қоғамдастық пен өзара әдіс алмасу мақсатында ұйымдастырылған  бұл зерттеу сабағы өз дәрежесінде өтіліп, келген ұстаздар қауымы  алар жаңалықтары көп екендігін сөзге тиек етті .

         Келесі 3-зерттеу сабағын математика пәнінен «Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерінің жазбаша тәсілі» тақырыбын таңдап алынып, сабақ жоспары жоспарланды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында топты банктер арқылы біріктіріп, қалыптастырушы бағалауды ақшамен, яғни теңге купюраларымен бағалап отыруды жоспарланды. «SWOT талдау» әдісі арқылы оқушылардың топта бірігіп постер құруын , семантикалық картамен жұп болып жұмыс жасауын, логикалық сұрақтарға бейнекөрсетілім арқылы жауап беруін жоспарланды. Бұл сабақтан бүкіл сынып бойынша әр деңгейге сәйкес келетін оқушыларды түгелімен бақылауға алып, олардың іс-әрекетін бақылауды алға мақсат етіп қойдық.  Зерттеу сабақтары зерттеуші топта бірігіп жұмыс жүргізген мұғалімдерге өзара әдіс алмасып қана қоймай бірігіп жұмыс жүргізуге, өз білім міне білік деңгейін көтеруге де өз ықпалын арттыра түсті. Бұл сабақтан бүкіл сынып бойынша әр деңгейге  сәйкес келетін оқушыларды түгелімен бақылауға алынды , олардың іс –әрекетін бақылауды алға мақсат етіп қойылды.  Зерттеу сабақтары зерттеуші топта бірігіп жұмыс жүргізген мұғалімдерге өзара әдіс алмасып қана қоймай, бірігіп жұмыс жүргізуге, өз білім мен білік деңгейін көтеруге де өз ықпалын арттыра түсті. 



Жолдас Роза Жарылқасынқызы

«Шұбар»жалпы орта мектебінің  

жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

Түркістан облысы 

Ордабасы ауданы



                               

29 қаңтар 2019 г. 57 306 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 768 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031