«Қашықтықтан оқыту: жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар» атты республикалық онлайн-семинар
«Ұлы дала ұстазы» Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы және «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы 2020 жылдың 15 маусымында «Қашықтықтан оқыту: жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар» атты республикалық онлайн-семинар өтетіндігін хабарлайды.
Семинарға баяндамалар мен ұсыныстарды қабылдау онлайн түрде жүргізіліп, «EDUNEWS.KZ» білім және ғылым саласындағы ақпарат агенттігінің ресми сайтының «Дәл қазір» айдарында жарияланып отырады.
Республикалық семинарды өткізудің басты мақсаты - қашықтықтан оқытудағы жаңа әдістер мен тәсілдерді талқылау, оқу процесіндегі жаңа технологияларды игерудегі проблемаларды саралап, педагогтар қауымына ұсыныс беру. Сонымен қатар, семинар аясында қашықтықтан өткізілген сабақтарға баға беріп, оларды жетілдіру жолдарын қарастыру.
Семинардың жинағына баяндамалар, ғылыми-әдістемелік мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.
Конференцияға баяндама және мақалаларды қабылдау 2020 жылдың 15 маусымына дейін жүргізіледі, қатысушылардың баяндамалары және басқа да ғылыми-педагогикалық еңбектері dala.ustazy@gmail.com электрондық жәшігіне жіберілуі қажет.
Семинардың материалдарын рәсімдеуге қойылатын техникалық талаптар: Беттердің форматы А4, шрифт Times New Roman, 14 пт, жоғарғы және төменгі жиектер – 2,0 см, сол жағы – 3,0 см, оң жағы – 1,0 см; жоларалық арақашықтықтығы – 1; оң жақтағы жоғарғы бұрышында ӘОЖ, 2 интервалдан кейін баяндама атауы бас әріптермен, қою шрифтпен жазылады, 2 интервалдан кейін автордың аты-жөні, атағы, лауазымы, мекеме атауы, 1 интервалдан кейін, баяндама мәтіні азат жолдан; сілтемелер мәтіннің ішінде тік жақшамен беріледі (деректердің толық тізімі «Әдебиет» деген белгімен жұмыстың соңында беріледі); баяндама көлемі 5 бетке дейін.