Өнер

Оқу мақсаттары

Эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру, өнер, өнер

түрлері түсініктерімен таныстыру. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру.

Бағдарламалық міндеті

3.1.2.1, 3.3.2.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы екенін оқушыларға түсіндіру және үйрету

Оқушылардың шығармашылық міндеті: Өнердің қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі, адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылатындығын білу және практикада қолдану

Оқушылардың міндеті

Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, ерекше белгілеріне қарап отырып, өнер түрлері мен

бейнелеу өнері түрлерін суреттеу. Негізгі терминдерді білу.

Тірек сөздер: өнер түрлері, музыка, би, әдебиет, театр, бейнелеу өнері түрлері, кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер.

Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

Өнер дегеніміз не?

Жауап.  көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы

Қазақ елінде өрнек өнеріның дамығанына дәлел?

Жауап: Ата-бабаларымыз ерте заманнан бері

ою-өрнекті күнделікті өмірде қолданып келе жатыр. Және де өте жақсы қарқынмен дамып келеді

 Өнердің мақсаты?
 Жауап: дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны      
 көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру


Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: өнердің негізгі түрлері мен өнердің  негізгі бағыттарын біледі.

Өнер түрлері мен өнердің бағыттарын анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі: туындыларды өнердің түрлеріне қарай ажырата алады.

Кейбір оқушылар: туындыларды өнердің түрлеріне қарай ажыратып, оларды сипаттап, барлық

әсерлегіш құралдары атай алады.

Бұрын алған білімдері

Суретшінің әсерлегіш құралдар

Пәнаралық байланыс

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: әде-

биеттік оқу, қазақ тілі. Оқушылар тақырыпты талқылап, әдеби туындыларды тыңдау барысында дұрыс әрі

бейнелі түрде сөйлеу дағдыларын дамытады. Шы- ғармашылық шабыттарын ояту үшін жұмысқа кіріспес бұрын №2 қосымшадағы өлеңдерді оқиды.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабақ тақырыбына кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сыныпта тақтаға және қабырғаларға өнер түрлері туындыларының репродукциялары ілінген.

Графикалық, кес- кіндеме және мүсін өнері мен сәндік- қолданбалы өнер

түрлерінің репродукциялары.

Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Сабақ тақырыбын хабарлау. «Өнер дегеніміз не, өнер біздің өмірімізді қалайша өзгертеді, өнердің тілі бар ма?» деген сұрақтардың төңірегінде әңгімелеседі. Өнердің тілін түсінудің маңызы зор, оны түсінген жағдайда ғана көрермен мен тыңдарманның, оқырманның алдында туындының мән-мағынасы толық ашылады.

Сауатты көрермен мұражайлардан көбірек әсер алады. Ол өнер туындыларын түсіне отырып, олармен тілдесе алады. Сенің алдыңда жай ғана туынды емес, оны маман ретінде түсініп, оның бейнелеу өнерінің қай түріне жататынын анықтап, суретшісі кім, қай кезеңде салынған, қандай әсерлегіш құралдар қолданылған, көрерменге қандай ой салатынын білген тамаша емес пе?! Бейнелеу өнерінің кез келген туындысын қызықты кітап ретінде оқуға болады. Осы сабақтан кейін мұражайға келгенде экскурсия жүргізіп, бар білімдеріңді көрсете аласыңдар.

Оқулық.

 

Өнер түрлерінің, бейнелеу өнері түрлері (гра-

фикалық, кескін- деме, мүсін және сәулет өнері) фо- тосуреттерінің репродукциялары.






 

 

Материалды түсіндіру

Бұл сабақ әңгіме түрінде өтеді. Оқушылар өнердің негізгі түрлерімен танысады. Оқушылар олардың көпшілігімен таныс, мұғалім балалардың танымын

«өнер» түсінігімен кеңейтеді. Өнердің көпқырлы екенін, олар көрермендермен түрлі құралдар

арқылы тілдесетінін түсінуі керек,тыңдарманмен

(музыка, вокал өнері), оқырманмен (әдебиет). Әрбір өнер түрінің басты әсерлегіш құралдары бар:

музыкада – дыбыс, әдебиетте – сөз. Балалар

бейнелеу өнерінің басты әсерлегіш құралдарын еске түсірсін. Бірнеше әсерлегіш құралдан тұратын өнер түрлері да бар. Мысалы, адам театрға балетке бара жатса, ол көрермен әрі тыңдарман, оған бидің әсем ырғақтары да, музыка дыбысы да, декорация, костюм де, сөзбен жазылған, либретто деп

аталатын сюжет те әсер етеді. Бірнеше түрден тұратын өнер түрлері синтетикалық деп аталады.

Оқулық.

 

Өнер түрлерінің, бейнелеу өнері түрлері

(графикалық, кескіндеме, мүсін және сәулет өнері) фотосуреттерінің репродукциялары.

№2 қосымшадағы материалдар.

Өздік жұмысты орындау

Оқушыларға өнердің әр түріне жататын жұмыстардың репродукциялары ұсынылады, оларды өнердің негізгі түрлеріне қарай  бөліктерге бөлу керек. Мысалы,  өнер түрлері жазылған қағазды тақтаға іліп қойып, оқушыларға әрқайсысының астына сәйкес

туындыларды қойып шығуды тапсырады. Жұмыстардың барлығын нөмірлеп, кестені дәптерлеріне сызып, оған туынды нөмірі мен

бейнелеу өнері түрлерінің атауын сәйкестендіріп сызады.

Жұмыс дәптері, қалам не жай қарындаш.

Сабақтың қорытынды- сы

Оқушылар өнердің не екенін, өнер түрлерін білді.

Әр алуан өнер түрлерінің басты әсерлегіш құралдарын анықтап, өнер  түрлерін ажыратуы үйренді.



Қосымша ақпарат

Дифференциация Оқушылардың бәрі өнердің негізгі түрлерін білді. Өнер түрлерін анықтай алды.

№2 жұмыс дәптерінің 3–4-бет- теріндегі тапсырмаларды орындады.

Оқушылардың ақпаратты меңгергенін қалай тексересіз?

Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы);

жасаған жұмыста- рынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана

бағалаңыз);

жасаған жұмысты талқылауларынан.

АКТ-мен байланыс

Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интерактивті тақтаны да қолданады.

 

Мұғалім өздік жұмыстың басында қайшымен жұмыс

істеу ережесін оқушылардың есіне түсіреді.

Оқушылардың көпшілігі

туындыларды  өнер түрлеріне қарай ажырата алды.

№2 жұмыс дәптерінің 6-бетін- дегі 1-тапсырманы орындады.


Кейбір оқушылар

туындыларды өнер  түрлеріне қарай ажыратып, оларды сипаттап, барлық әсерлегіш құралдарды атай алды. №2 жұмыс дәптерінің 6-бетіндегі 2-тапсырманы орындады.


Оқушыларға қалай қолдау

Бағалау

Құндылықтармен байланыс

көрсетесіз?

Сабақта оқушыларды

Анималист-суретшілер мен

Сабақтың барысында

бағалау:

пейзажшылардың жұмыста-

оқушыларды бағалайды:

1) оқушылардың

рын, жанды табиғат фотосу-

Жарайсың, сен сұрақтарға

мұғалімнің және

реттерін көрсетіп, табиғатқа,

толық жауап бересің! Сен өте

оқулықтағы сұрақтарға

туған өлкеге сүйіспен-

байқампазсың! Сен табиғат

жауабы;

шіліктерін оятып, эстетика-

нысандарын жақсы суреттейсің

2) туындылардың

лық көзқарастарын қалып-

(суретшілер туындыларын)!

репродукцияларын

тастыруға септігін тигізетін

Сен тапсырманы жақсы

суреттеуі;

№2 қосымшадағы өлеңдер мен

орындауға тырыстың! Сен

3) жұмысты талдап,

материалдарды қолданады.

жұмыстарды талқылауға

талқылауға қатысуы;


белсене қатыстың! және т.б.

4) жұмыс дәптерінде



орындалған тапсыр-



малар (жақсы жасалған



жұмыстарды ғана



бағалаңыз).


Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен

бәрін жасап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай жаңа нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.


Автор: 
 

Торғын Аширова,

№83 жалпы орта білім беретін мектебінің

технология пәні мұғалімі

Шымкент қаласы

27 маусым 2020 г. 4 620 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 203 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031