» » Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Өнерлі өрен ордасы» атты кеш өтті

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Өнерлі өрен ордасы» атты кеш өтті

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Өнерлі өрен ордасы» атты концерттік кеш өтті, деп хабарлайды "EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі.

Елбасының бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруда, бүгінде 50 жылдық белесті артқа тастап, «Қара шаңырақ» атанып отырған Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Өнер және мәдениет» факультетінде мәдениет саласында жеткен жетістіктері мен бекзат өнер айдынында төбе көрсетер өз биігі бар екені даусыз. Осыған орай, факультет өзінің кезекті «Өнерлі өрен ордасы» атты концерттік бағдарламасын өткізді. Концерттік бағдарламада жеті білім беру бағдарламасы  ат салысып,  өз өнерлерін ортаға салды. Әт түрлі жанрда орындалған музыкалық шығармалар,  хореографиялық қойылымдар студенттер көңілінен шығып, тәнті етті.

Өнер мен мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы,парасаты. Шығармашылық жолда биік жетістіктерге жетіп, талай додаларда дара келіп жүрген жас өнерпаздарды тәрбиелеп келе жатқан өнер ордасы – “Өнер және мәдениет" факультетінің алар асулары алда.

«Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы Р.Дүйсекованың жетекшілігімен студентік хор, доцент Е.Рысметов жетекшілігімен «Көне Тараз» фольклорлық ансамбілінің орындауындағы шығармалар және ҚР мәдениет қайраткері А. Малдыбаевтың өз шығармаларынан күмбірлеген күй терең әсер қалдырды. 

Шығармашылық концерттің мақсаты – халқымыздың рухани құндылықтарын насихаттап, оларды ұрпақ тәрбилеуде қолдану маңызының мәнін ашу, өнерді дәріптеу және студенттердің талантын ашу. Барлық орындалған номерлер «Салтанат», «Ханшайым» жаңа топтамасы Ю.Просветаның акробатикалық қойылымы, «Әскери қару-жарақ іс- қимылдар бетпе- бет» көрінісі, «Томирис» би ансамбілінің орындауындағы «Мы из джаза», «Көңілді бикештер» т.б. бағдарламалар нұрландыра түсті.


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі.
25 қазан 2018 г. 9 884 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 577 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930