» » Ермексазбен қалай жұмыс істеу керек?

Ермексазбен қалай жұмыс істеу керек?

Мектеп оқушыларына ермексазбен жұмыс істеу тек ғана бастауыш сыныптарда берілген. Оқушылардың ермексазбен мүсіндеу қабілеті 5-6 сыныптарда жақсы дамиды. Ермексаздан төрт түлік малдың мүсінін, Наурыз мерекесіндегі көріністерді, көкпар тартуды, басқада түрлі көріністерді анық мүсіндеуге болады

Мектепаралық жарыстарға қатысу үшін 5-6 сынып оқушыларына (тақырыптан тыс) ермексазбен мүсіндеуді  үйретуге болады. Еліміздің барлық аймақтарында жергілікті қорықтар бар. Мен де өзіміздің жергілікті Үстірт мемлекеттік табиғи қорығындағы жан-жануарларды, құстарды өз оқушыларыммен ермексаздан мүсіндеуді жөн көрдім. Мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі Абдиров Сергеймен ақылдасып, Үстірт қорығындағы жан-жануарлардың, құстардың түрлерін, олардың Қызыл кітапқа  енгендерін анықтадым. Қорықта өсімдіктердің 300 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 30 түрі, құстардың 111 түрі, сүтқореқтілердің 27 түрі бар екен. Жойылып кету каупі  бар жануарлар мен өсімдіктердің 25 түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Оларды қорық сақшыларының аңшылардан қорғайтынын, ұсталған аңшыларға  үлкен  айыппұл төлететінін оқушыларға түсіндірдім.  Мүсіндеуге кіріспес бұрын жан-жануарлардың, құстардың суреттерімен таныстырдым.  Оқушылар қорықтағы әрбір жан-жануарлар, құстар туралы толық мәлімет алды.  Оларда табиғатты аялауға, сүюге деген көзқарас пайда болды. Мысалы, жұртшы-жыл құсы. Ол сирек кездесетін құс. Наурыз, сәуір айларында ұшып келеді.

      Жұртшы құс балапаны шыққан соң ұяда 2,5 айға дейін болады. Басқа жұртқа қыстау үшін қыркүйек айында ұшып кетеді.

     Үкі-республикамыздың кез-келген жерлерінде кездескенімен де саны онша көп емес.

   Үкі-қазақтар үшін өте қасиетті құс. Оның денесіндегі бедер Құранның құпияланып жазылған нұсқасы деген сеніммен баланың, әсіресе қыздардың бас киіміне қауырсынын тағу әдетке айналған.

 Итаю (балжегі)- өте сирек кездесетін аң. Үстіртте таралған. Сексеуіл өскен жазықты мекендейді.

     Қарақал-сілеусіннің реңінен бірыңғай түске ғана боялуымен ерекшеленеді. Тек құлағының төңірегінде қаратеңбілдер кездеседі. Кейде қарақұлақ деп те атайды. Қарақалдың құстар көтеріліп ұшқанда қағып  түсетін алғырлығы бар. Қарақал қолға үйір келеді. Ертеректе үнді халқы қарақалды қолға үйретіп, аң аулаған.

    Бүркіт-батыл да ұшқыр, тұмсығы өткір, тегеуріні күшті жыртқыш құс. Бүркіттің аталығын жаулы, аналығын  ұябасар деп атайды. Жұмыртқасының  саны екеу болады.  Ұябасар жұмыртқаны 45-50 күн басады. Балапандары 2 ай  мөлшерінде жұмыртқаны жарып шығады. Бүркіт ұясын биік құздарға немесе қия жартастарға салады. Ұясының биіктігі 2м-ге. Ені 3м-ге жетеді. Ұя өте қарапайым құрылысты: ағаштың кепкен бұтақтары мен шөп-шаламнан жасалады.

 Ескерту:

  • Ермексазбен мүсіндеу үшін қатты ермексаздар сайланып алынады.
  • Мүсінділген бұйымдар жеке-жекеден қағазбен оралып. Кардон құтыларға салынып салқын жерлерде сақталады.

Сұлтанғазы Ұзақбаев

№15 орта мектептің 

 технология пәні мұғалімі,

Жаңаөзен қаласы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930