» » Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан

Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан

«Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті» дегені мәлім Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық баяндамасында. Осы тұрғыда үкіметіміз білім беру мекемелеріне тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. 

Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының  алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітімді, жаңа форматты оқытуға көшу сияқты мәселелері мұғалімдерден щығармашылықты, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. [1, 56 б.]

«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім» деп М. Әуезов атап көрсеткеніндей, егемен елдің келешегі кемел білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты.

Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру қажеттілігін әр мұғалім осыдан-ақ түсінуі керек. Ол үшін дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі, жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы, ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы, оқушымен жиі қарым-қатынаста болуы сияқты талаптарды орындайды. Ж. Руссо баланың өз бетінше білім-танымдық, шығармашылық әрекет идеясына үлкен мән берді. Руссо дидактикасында оқыту үрдісінде ең бірінші орынға танымдық қабілеттілікті, белсенділік пен өзбеттілік ұстанымдарның маңыздылығына көңіл бөлді. Міржақып Дулатов қазақ арасында көбіне көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге, өнерге зерек, дарынды балаларды оқытып тәрбиелеудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарына үңіледі. Ол «Туысында қанша зеректік болса да – ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзінің табиғатында не нәрсеге шеберлік барын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанда көріп тұрғандай боласың...» деп түйіндейді.

Дарынды балаларды анықтау үшін бастауыш сыныптан бастап зерттеу жұмыстары жүйелі жүруі керек. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың оқуға деген құштарлығы қазіргі таңда өте жоғары. Оған ата-анасының мән бере жасаған дайындығы, үлкендердің қуанышты көзқарасы, мектептің беделі, жаңа киімдер мен әдемі оқулықтар баланың қызығуын арттырып, білім алуға жетелейтіні сөзсіз. Осы орайда бастауыш сынып мұғалімдері шеберлігімен, жаңа әдіс-тәсілді сабақтарымен, ұшқыр ойлы ойындарымен оқушы зейінін жаулап алып, білуге деген құштарлықтарын шыңдай түсуі қажет. Бірінші сынып оқушыларының барлығы дерлік мектепалды даярлықтан өтіп келгендіктен, оқу қиынға соға қоймайды. Әріптерді тез танып, әдемі жазып кетеді. Білікті ұстаз оқушының жас ерекшелігіне сай оқу жүгін анықтап, шығармашылық жұмыстармен толықтырып отырады. Ізденіспен жасалған әр сабақта оқушы мұғалім әрекетіне ілесіп, нәтижелі жетістікке жетіп отыратының байқамай да қалады. Мұғалімнің атқарған еңбегінің жемісі осында. Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын оқып-үйреніп, күнделікті сабақтарда шығармашылықпен пайдаланып отырса, нәтижесін берері сөзсіз. Білім сапасы мен деңгейін анқтап, салыстырмалы  мониторингтер жасап отыру оқушы қабілетін зерттеуге көп көмегін тигізеді. Қабілет – іс –әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек дейді. Ал қарсы көзқарастағылардың айтуынша, дарындылық – өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән. Сондықтан дарынды балаларды іздеу алтын түйірін іздегенмен бірдей. Біз дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетінін айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі. Қолайлы ақуал, тамаша кәсіби ұстаздық ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Бастауыш сыныпта жазуының әдемі, сауатты, оқығанын, көргенін жүйелі түрде баяндауы, өлеңдерді жатқа айтуы, табиғат көріністері мен жыл мезгілдеріне шағын әңгіме жаза білуімен оқушы дарындылығын анықтау жеткіліксіз. Осы орайда мектеп психологінің көмегі қажет. Ресей психологтері дарындылық жайлы төменгідей анықтама береді: «Дарындылық – психиканың жүйелі, өмір бойы дамитын қасиеті. Ол басқа адамдармен салыстырғанда іс-әрекетттің бір немесе бірнеше түрінде адамдарың ең жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайды».

Мектеп психологі оқушының жеке бас даму картасын толтырып, психодиагностикалық зерттеу жүргізеді. Нәтижесінде дарынды оқушыны анықтап, оқушының қабілеті қай бағытта, қосымша жұмыс түрлері және дамыту әдіс-тәсілдерін айқындауға болады. Тереңдетілген қосымша бағдарлама жасалынады. Білікті ұстаз дарынды оқушының өздігімен жұмыс істеуіне, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңестер береді. Дарындылықты дамытуда оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын тиімді пайдалануы керек. Оқу үрдісінде дарынды оқушының қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру мақсатында мына жұмыстар сүбелі орын алары сөзсіз.

1. Шығармашылық жұмыстар.

2. Сайыстарға қатысу.

3. Мектепішілік олимпиадада ұту.

4. Тест тапсырмаларын орындау.

5. «Дарын» орталығы ұйымдастырған конкурстарға қатысу.

Ата-анасымен тұрақты байланыс жасап, педагогикалық-психологиялық кеңестер беріліп отырады. Бастауыш сыныпты аяқтаған соң орта буын мұғалімдері қатыстырылып қабілетті, дарынды оқушымен жұмыс нәтижелері, болашақтағы бағыт-бағдар туралы нұсқаулар жасалады. Орта буынға барған соң педагогикалық кеңесте пәндік үйлесімділік тақырыбы қорытылады, сонда дарынды балалармен жұмыс нәтижесі де тыңдалады. [2, 20 б.]

Оқушы орта және жоғары буынға барғанда дарынды оқушымен жұмыс өз жалғасын табады. Мектептің педагогикалық – психологиялық зертханасы оқушы тұлғасын қалыптастыру және дамыту барысындағы жұмысын жетілдіріп, оқушы – мұғалім – ата-ана арасындағы қарым-қатынас сарапталады, оқушының білім сапасы мен тәрбиелілігінің мониторингілері салыстырылады, сабақтардың рейтингісі анықталады. Мұғалімдердің тиімді педагогикалық технологияларды игеру диагностикасы жасалады.

Оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдысы – жүйелі жұмыстардың қорытындысы, жеке тұлғаның қалыптасуының бастауы. Ал оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, оқу материалдарын өздері игере алуға мүмкіндік туғызудың шешуші факторы – оқытудың жаңа әдістемелік жүйелерін құру болып табылады.

Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын да қызықты іс. Алайда, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. [3, 22 б.]

Әдебиеттер тізімі:

1. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана. Ана тілі, 2007. 28 ақпан.

2. С. Қалиұлы. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы. 2003.

2. Ж. Әбикеев. Педагогика тарихы. Алматы. 2006.

 

 

Қарлығаш Сарсекеева,

Қалижан Бекқожин атындағы 

№12 жалпы орта білім беру мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі 

Павлодар қаласы.

26 сәуір 2018 г. 25 305 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 221 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 610 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031