» » Ресей елді мекеніндегі Астрахань обылысы мектептерінде Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын таныту

Ресей елді мекеніндегі Астрахань обылысы мектептерінде Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын таныту

Ресей елді мекеніндегі Астрахань обылысы мектептерінде Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын таныту

Еділдің  бойы-ең тоғай

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге,

Мал толтырсам деп едім,

- деп батыр бабамыз Махамбет жырлағандай, Еділ бойында тұратын қандастарымыз салт дәстүрін, тілі мен дінін жоғары бағалайды.

Ресей мен Қазақстан ежелден "ауылы аралас, қойы қоралас ауылдары" дегендей қоңсы қонған елдер.

   Екі  ұлы елдің достығы мен экономикалық байланыстары білім мен мәдениет саласындағы жаңа қатынастардың өріс алуына оң ықпалын тигізуде. Соңғы жылдары біздің облыста Қазақстанның мемлекет, өнер, қоғам қайраткерлерінің  ақын-жазушыларының журналистерінің шығармашылық сапарлары үзілген жоқ.

   Бұл күнде Еділ бойында тұратын қандастарымыз Қазақстан мәдениеті мен өнерінің белді  қайратқерлерінің  шыгармашылығымен жете таныс.

   Астрахань облысында (Еділ бойында) 150 мыңдай қазақ отбасы тұрады.

Бұл орайда ұлттық дастүріміз бен мәдениетімізді, тіліміз бен дінімізді дәріптеп, кейінгі ұрпаққа үлгі жүрген облыстық тіл жане мәдениет "Жолдастық" қоғамының рөлі айрықша.   Біздің  Жолдастық мәдени  орталығы ұлттық дәстүрді кейінгі ұрпаққа үйретуде игілі жұмыстар жасағанына өздеріңіз  куәсіздер. Екі  ұлы елдің достығының арқасында қазактың қайталанбас тұлғалары, халқымыздың бір туар ұлдары Құрманғазы мен Динаның ұлы Абай мен Мұхтардың мерейтойларының аталып өтілуімен қатар  данышпан бабаларымыздың   есімдерімен мектептердің аталуы   жергілікті қазақтар үшін өте мактанышты да ғибратты.

   Төкпе күйдің тәңірісі атанған аты әлемге әйгілі қазақ даласының ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының кесенесі ұлы достықтың белгісіндей жаркырайды. Бұл күнде ұлы бабамыздын кесенесіне мемлекетаралык мәдениет орталық пен ақ күмбезді мұражайға жер- жерден туристер мыңдап келуде.

   Ресей жеріндегі қазақ бауырларымыздың өркендеп өсуіне көршілес Казақстан республикасы Атырау облысындагы кандастарымыздың орны ерекше.

Облыс көлемінде 64 мектепте қазақ тілі арнайы пән оқытылған болса, бұл күнде өкінішке орай көптеген мектептерде қазақ тілі тек факультатив болып қалды.Қаладагы педагогикалык колледж жанынан ашылған  қазақ бөлімі де жабылды . Облыстык тіл және мәдениет "Жолдастық қоғамының қолдауымен  облыс көлеміндегі    оқушыларға  1-3 сыныпқа арналған оқулықтар жазылған болатын.    

Қаламыздағы техникалык университет жанынан 2003-2004жылдары қазақ тілі уйрету курсы ашылған болатын  бұл күнде көптеген ұлы екі елдің жас мамандары  жоғары білім алуымен қатар қазақ тілін окығаны туралы сертификат алады.

Осындай игілі  істердің жетекшісі болып, халкымыздың қамқоршысы болып жүрген облыстық екі елге ардақты азамат, өлкемізде қазақ тілі мен ұлттық дәстүрінің дамуында орны ерекше абыройлы ағамыз "Жолдастық" қоғамының төрағасы, Ресейге еңбегі сіңген экономист H. C. Ысқақовтың өмірден өтуі де еліміз үшін орны толмас қайғы болды... Бұл күнде ағамыздың есімі Құмөзек ауданы Семибугры ауылына беріліп,ағамыздың атында мұражай ашылып сол мектептің оқушылары мақтанышпен оқиды.

Облыстық  тіл және мәдениеті қоғамы мен Қазақстан республикасы Консулдығының ұйымдастыруымен көптеген жұмыстар жасалуда. Биылгы жылы Қазақстанға Астана каласына Астрахань облысының бір топ балдары барып демалып қайтты.

Қазақ халкының ардақты ұлы, өнерқайраткері, жаны жарқын жазушы   Әбіш Кекілбаевтың  шығармашылығымен Ресей жеріндегі шәкірттерде таныс. Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. Ә. Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы толғап жеткізеді. «Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да, оңайға түсе қоймас», - деп Қуаныш Сұлтанов «Кекілбаев кеңістігі» атты мақаласында айтып өткендей, Әбіш жайында сөз қозғау, оның шығармашылығын зерттеу, оған үңілу көп еңбек пен ізденісті талап ететін дүние. Жазушы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жанайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген. Белгілі, білікті, беделді, дәулетті адам болған. Тектінің ұрпағы тектілік танытпаса, айыбы, аманатқа қиянат жасағаны. Әбіштің әлемі сол текті бабаның көріп-білген дүниесін балаға аңыз бен ертегі, әңгіме ретінде жеткізгенінен пайда болды. Әбіш әлемі - өзіндік бір пәлсапалық, дүниетанымға толы әлем. Әбіш Кекілбаев өткен ғасырдың 70-80 жылдар аралығында мәдениет, әдебиет, кино салаларында ұйымдастыру-шығармашылық қызметтерін атқара жүріп, өзінің жазушылық кәсібін алдыңғы қатарға қоя білді. Партияның Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінде әдебиет секторының меңгерушілігіне Әбіш Кекілбаев жазушыларға да, қоғамға да сөйлесе, сөзі өтетін, қажет кезінде басқарушы билікке олардың да талап-тілегін, сөзін өткізе алатын беделді қаламгер, тәжірибелі саясаткер ретінде қызметке шақырылды. Ә. Кекілбаев Орталық Комитеттен Мәдениет министрінің орынбасары қызметіне жіберіліп, қысқа мерзімде қыруар істер атқара алды. Жаңа мемлекет тұсында да Әбекең – депутат, Комитет төрағасы, Жоғарғы Кеңес төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Сенат депутаты сияқты лауазымды қызметтерді атқарып келді. Оның «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» тарихи романдары – тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар. Әбіш Кекілбаевтың қай қасиетін сөз етсек те, ең алдымен, қазақ санасында оның әдебиет сыншысы, шебер, көркем шығарма жазушылығы алғы кезекке шығады. Әдебиетке бала кезінен мол дайындықпен келгені оның терең шығармаларынан айқын көрінеді. Әдеттегідей жасқана, имене әдебиеттің есігін ашқан жас өскін емес, білімі толық, кемелі келісті, қаламы төселіп, даусы орныққан дарын иесі екендігі шүбәсіз, нық басқан салмақтылықпен келді. Ол өзінің көркем сөз зергерлігімен біздің рухани өмірімізді байытты, көзімізді ашты, көкірегімізге ұлттық сенім, сана ұялатты. 

Облсымызда тұратын бауырларымыздың әлеуметтік,мәдени, экономикалық, достық байланыстарының нығаюына Қазақстандық ағайындар өте жауапкершілікпен қарап,үнемі көмек көрсетеді.

Болашақта да екі елдің достығы берік болып, мәдени, экономикалық байланыстары үзілмейді деп сенеміз. Ежелден елі аралас, қойы қоралас екі  ұлы елдің болашақтада  достығы жалгасын тапсын дегім келедi.


Библиографиялық тізімі:

1.Г.Д.Орастаева- Астраханские казахи: история и современность.-Астрахань 2000;

2. Кекілбайұлы Ә.- Он екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Өлке –Т.1.-1999.-400б

3. Материалы Учредительной конференции (1990г.)// Астраханские казахи: история и современность. Астрахань,2000.С 241

4. Куликова (Торопицына) Н.И.- Астраханские казахи: на рубеже веков. 


Ғұмарова Әлия Елеусінқызы,

Астрахань техникалық университетінің

қазақ тілі пәні мұғалімі

Астрахань қаласы

27 қаңтар 2020 г. 1 452 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 803 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930