» » Қазалыда көше бойында кітапхана ашылды

Қазалыда көше бойында кітапхана ашылды

 Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде «көше кітапханасы» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазалылықтар көше кітапханасы жобасын қолға алды. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен - кітапхана» деген даналық сөзін мысалға келтіре отырып, көше кітапханасының жұмысына сәттілік тіледі. Оның осы шараға әкім ғана емес, оқырман, аудан тұрғыны ретінде қатысып, жанашырлық танытуы, оқырмандармен еркін пікір алысуы, суретке түсіп, қарапайымдылық үрдісін сақтауы да көпшілікке жылы әсер қалдырды.
Облыс көлемінде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бастаманың негізгі мақсаты көпшіліктің кітап оқуға, кітап алмасуға шақыру. Сол арқылы адамның жан дүниесін байыту, білімге даңғыл жол ашу, жаңа идеяларға кілт табу, рухани құндылықтарға қол жеткізу болып табылады.
«Әлденеше жерде орналасқан көше кітапханасы арқылы аудан тұрғындары өздері күткен қоғамдық көлік келгенше кітапты оқуға немесе өзімен бірге ұнаған кітабын алып кетуіне, кейін қайтарып беруіне, болмаса өзге кітаппен ауыстырып оқуға мүмкіндігі бар. Әрі бұл үшін ешқандай құжат талап етілмейді де оқырман билеті де сұралмайды. Баршасы кітап алған адамның жауапкершілігіне байланысты», - дейді аудандағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Индира Назарова.
«Көше кітапханасының» ашылу салтанатында тұрғындардың бірі Мұңсызбай Әубәкіров өзінің жеке кітапханасынан кітап сыйға тартты.
02 қазан 2018 г. 2 650 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 220 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 610 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031