» » Химиядан Нобель сыйлығы «эволюция күшін меңгерген» ғалымдарға бұйырды

Химиядан Нобель сыйлығы «эволюция күшін меңгерген» ғалымдарға бұйырды

Химия саласында 2018 жылғы Нобель сыйлығына «ферменттердің бағытталған эволюциясы үшін» АҚШ ғалымы Фрэнсис Арнольдқа, сондай-ақ «пептидтер мен антиденелердің бейнеленуі үшін» Джордж Смит (АҚШ) пен Грегори Винтерге (Ұлыбритания) берілді. Бұл туралы сәрсенбіде Швеция Корольдігі ғылым академиясының химиядан Нобель комитеті мәлім етті, деп жазады ТАСС.
Нобель комитетінің жазуынша, зерттеушілер «эволюция күшін меңгере» алған. «Олар эволюцияны бақылауға алып, оны адамзат мүддесіне пайдаланған», - деп атап өтті ол. Комитет хабарламасына сәйкес, «2018 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары ойлап тапқан әдістер қазіргі кезде  экологиялық химия өнеркәсібін алға жылжытуда, жаңа материалдарды құруға, тұрақты биоотынды өндіру кезінде, сондай-ақ түрлі аурулармен күресуде қолданылады. Фрэнсис Арнольд 1956 жылы Питсбургте (АҚШ) дүниеге келген, Калифорния технологиялық университетінде жұмыс істейді. Джордж Смит 1941 жылы Норуолкта (АҚШ) дүниеге келді, Миссури Университетінің құрметті профессоры. Сэр Грегори Винтер 1951 жылы Ұлыбританияның Лестер қаласында туған. Ол Кембридждегі молекулярлық биология зертханасында қызмет етеді. 


Дереккөз: inform.kz

03 қазан 2018 г. 13 167 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 201 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031