» » Екібастұз қаласының білім беру бөлімі басшысына алаяқтық жасады деген айып тағылды

Екібастұз қаласының білім беру бөлімі басшысына алаяқтық жасады деген айып тағылды

Шенеунік әйел ҰБТ қорытындысын "жөндеймін" деп Екібастұз мектептерінен бірнеше миллион теңге жинап алған, бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды.
Екібастұз қалалық білім беру бөлімінің басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Павлодар облысы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің тергеу басқармасының басшысы Руслан Куватов.

Тергеу дерегі бойынша, күдікті әйел мамыр айының ортасында Екібастұз мектептері директорларының әрқайсысынан 100 мың теңгеден жинап, иемденіп алған. 

Яғни, ол мектеп директорларының қатысуымен өткізілген отырыс барысында оқушылардың көрсеткішін жоғарылату үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҰБТ өткізу бойынша комиссия мүшелеріне әр білім беру мекемесінен 100 мың теңгеден жинап беру қажеттігін мәлімдеген. Әйел "пара" жинаушылар тобын құрып, оның құрамына орынбасары мен төрт мектеп директорын тағайындаған.

Тергеу анықтағандай, кей мектеп директорлары аталған соманы түлектердің ата-анасынан жинап алса, кейбірі өз қаражаттарынан қосқан.

Алайда қала мектептерінің бірінің қоғамдық қоры президенті бұл хабарды Екібастұз өңірі бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық басқармаға жеткізеді.  Содан кейін арнайы техникалық құралды орнатып, белгі салынған ақшаны екі күн ішінде қаражат жинауға жауапты мектеп директорларының біріне апарып береді. Ал ол өз кезегінде ақшаны білім беру бөлімінің басшысына ұсынып, басшы жұмыстағы сейфіне салып қояды. Кейін ол ақшаны жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тауып алған. Күдікті ұсталып, 17 маусымнан бастап сот шешімімен екі айға қамауға алынды.

Күдіктінің әрекеті алаяқтық деп есептелді, өйткені ол кезде қаражатты кімге беру керектігі белгісіз болатын – комиссия құрамын ешкім білмеген әрі олар облысқа келіп үлгермеген. Соған қарамастан шенеунік әйел 45 мектептен 4,5 миллион теңге жинап алыпты.

Күдіктінің айыбы дәлелденіп жатса, ол үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді әрі белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салынады.




21 шілде 2017 г. 4 468 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 160 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 595 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031