» » Дарынды Дархан, үздік Ұлан

Дарынды Дархан, үздік Ұлан

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушылары Ұлан Талғатов пен Дархан Оралхановтар «Ұлы даланың – Ұлы Абайы» атты республикалық балалар өнер байқауында 1-ші орынды жеңіп алды. «Жарқын болашақ» Республикалық ғылыми - әдістемелік журналы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырған доданың «Аспапта ойнау» аталымында Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйін шәкірттеріміз екі дауыста орындап шықты.

- Дәстүрлі байқау балалардың жас ерекшелігін ескере отырып,  7 жанр бойынша өткізілді. Ұлан мен Дархан  мектебіміздегі талантты шәкірттердің қатарынан. Бір атап өтерлігі – олардың екеуі де домбырада ойнауды білмейтін. Азғана уақыттың ішінде бірнеше күйді үйреніп, тіптен байқауларға қатысатын дәрежеге жетті. Осының барлығы Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі желілік «100 күй» жобасының жемісі, - дейді домбыра үйірмесінің мұғалімі Мадияр Аширов.

Байқаудың 1-ші орын жүлдесін жеңіп алып, лауреат атанған қос домбырашы бұнымен тоқтамақ емес. Енді олар Алматы қаласында мамыр айында өтетін өнер бәйгесінің ақтық кезеңіне қатысып,  бақтарын сынамақ. Өнерлі өрендерге сәттілік тілейміз!


Дереккөз: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі, 

"EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі

16 наурыз 2020 г. 2 543 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 163 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 596 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031