» » Мәртебелі мамандық иесі

Мәртебелі мамандық иесі

Мен ұстаздар отбасында дүниеге келдім. Әкем-Абиев Исағұл Құсайынұлы, шешем-Мұхамедиярова  Рза Ысқаққызы,екеуі де ұстаз,»-дейді ақжарқын мінезді ұстаз Нұргүл.

         Біз сөз еткелі отырған ұстаз Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №18 ортамектептің бастауыш сынып мұғалимасы, директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары Абиева Нұргүл Исағұлқызы. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Жылысу ауылында 1980 жылы 30 мамыр күні ұстаздар отбасында дүниеге келген. Әкесі Исағұл-математика пәні мұғалімі болса, шешесі-Рза физика пәнінің мұғалімі.

         Табиғаты тамаша Мақтаарал ауданы өзіндік сән-салтанаты бар ғажап өлке. Көктем келуімен  ақ гүлге оранған өріктер, жылғалардан аққан сылдыр сулар, жасыл желекке оранған кең дала, мөлдіреген әсем табиғат құшағы әрбір адамға ерекше сезім ұялатады. Осындай тамаша табиғаттың құшағында өскен Нұргүл бала кезінен сүйкімді де, мейірімді, алғыр да, зерек болды. Әкесі Исағұл тәмпіш мұрын, сары қызынан үлкен үміт күтті. Бар өмірін, бойындағы күш-қуатын халық білімдендіру саласына арнаған әкесі көп жылдар бойы Мақтарал ауданындағы Сәкен Сейфулин атындағы №29 орта мектепті басқарды. Бұл мектептің бұрынғысы мен бүгінгісін тілге тиек еткенде Исағұл ағаның еңбегі орасан зор. Жылысудағы осы мектептің ел аузына ілініп, даңқ мерейінің үстем болуы Исағұл ағаның мектеп директоры болып келуімен басталады. Ауыл балаларының білімін көтеру үшін ол кісі ерен еңбек етті. Мектепте таң атысы мен күн батысына дейін шаршамай жүре беретін басшы халықпен, ұстаздар жамағатымен тіл табысып, ел арасында үлкен беделге ие болды. Мектептің жақсы білім ошағына айналуына,балаларға жақсы тәлім-тәрбие беруге қажырлы еңбек еткен Исағұл ағаның еңбегі туралы ауылдастары жиі-жиі айтады.Сондай-ақ бұл азамат өз балаларына да өнегелі тәлім -тәрбие бере алды. Бұның айғағы жұбайы Рзамен 9 ұл-қыз тәрбиелеп, 9 баласының барлығы мұғалім болды.Ал осы шаңыраққа түскен  келіндер де мұғалім мамандығының иелері. Бәрі де жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар. Ал Нұргүл болса, 9 баланың екіншісі.

         Жан-жақты білімділікті, шеберлікті, мейірілімділікті, төзімділікті талап ететін ұстаздық мамандығын таңдады.Жоғары  білім алу арманында оқуға аттанды. Арманы орындалып, оқуға түсті. Қатарларынан озып, озат болды. Қолына дипломын алып, еңбек жолын бастады. Әке-шешесінен үйренген тәлім-тәрбиенің арқасында, білікті ұстаздардың өнегесінің арқасында шебер ұстаз  атанды.

         Ұстаз болғанына міне, биыл 22 жыл толып отыр. Нағыз ұстаз атану үшін барын салған Нұргүлдің жетістіктері көп. Өз кәсібін, өз пәнін, өз мектебін сүйетін ұстаз жеткен жетістіктер- оның жемісті еңбегі.

 2018 жылы «Нұр Отан»партиясының Алғыс  хатымен, 2017 жыл  Республикалық  ғылыми- танымдық  «Білім айнасы»  газетінің  шығармашылық үрдісіне атсалысқаны  үшін  Алғыс хатымен,   2018 жылы  Республикалық «Алтын күз» байқауына шәкірттерін дайындағаны үшін  Алғыс хатпен , 2018-2019жылы  Халықаралық «ПОНИ» байқауына жеңімпаздар мен жүлдегерлерді  сапалы дайындағаны үшін Дипломмен,  2016 жылы Республикалық «Бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада орталығынан»     жүлделі орындарға оқушы дайындағаны үшін «Мақтау қағазымен», 2018 жылы Республикалық  «Жылдың  үздік 100  мұғалімі»  жобасына қатысып төсбелгі, куәлік, Алғыс хатпен марапатталды. Өз іс-тәжірибесімен  әрдайым бөлісіп отыратын ұстаз өз әріптестеріне семинар сабақтар ұйымдастырып тұрады.

    Оқушыларға терең білім берумен бірге өзі де оларға үнемі үлгі болады. Нұргүл жиі қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

          Нұргүл білікті маман болумен бірге аяулы ана. Ұлы-Тойлыбай Бауыржан, қызы -ТойлыбайӘсемай мектеп озаттары. Сөз аяғында ұлағатты ұстаз, аяулы ана әлі де биік шыңдардан көріне беріңіз!-дегім келеді.


Автор:

Бақытова  Ақмаржан Сексенқызы,

№18 орта мектептің мұғалімі

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

09 сәуір 2020 г. 2 203 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 152 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 592 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031