Жамбылдық ұстаздар "Үздік педагог" атағын иеленді

Салтанатты шара барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева және ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы хабарлап отыр.
Конкурс қорытындысы бойынша, Жамбыл облысынан Тараз қаласындағы ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Нариман Қиялбеков, Байзақ ауданындағы №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Үміт Сүгірбекова, Тараз қаласындағы №24 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Наталья Полухина, Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Райхан Шуленбаева «Үздік педагог» атағын иеленді.