» » Мектепке ақын аты берілді

Мектепке ақын аты берілді

 Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Тегістік ауылының тұрғындары үшін жаңа оқу жылы үлкен қуанышпен басталды. Ауылдағы жарты ғасырдан бері Чапаевтың атымен аталып келген орта мектепке айтыскер ақын Әзімбек Жанқұлиевтің есімі берілді.
 Алғашқы қоңырау мерекесімен тұспа-тұс келген салтанатты рәсімге ауыл тұрғындарынан бөлек, Әзімбектің құрбы-құрдастары, Ауған соғысының ардагерлері мен ақын туралы эссе-естеліктер, өлеңдері мен айтыстары топтастырылған «Өнердің аққан жұлдызы» атты кітапты жарыққа шығарған «Ол-Жас» баспасының директоры, жазушы Қанат Қайым, айтыскер ақын, Әзімбектің үзеңгілес досы, шығысқазақстандық Абаш Кәкенов қатысты. Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев те келді. Құттықтау сөзінде аудан әкімі Әзімбек Жанқұлиевтің қазақ айтыс өнері тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын екендігін тілге тиек етті.
 Аудан жұртшылығы алақандай ғана Темірбек ауылдық округінде дүниеге келген Әзімбек Жанқұлиев, Қасқырбай Нарбатыр, Мұхамеджан Тазабеков сынды талантты ұлдарын мақтан тұтады. Небәрі 41 жасында дүниеден озған Әзімбек ақынның көңілге қуаныш сыйлайтын шуақты жырлары, ырғақты әуені үшін халық ол қатысатын жыр додаларын асыға күтетін. Оның азаматтық болмысы, өлмес жырлары әлі талай ұрпаққа азық болатындығы ақиқат. Ауыл тұрғындарының өтініші ескеріліп, бүгін кезінде өзі білім алған мектепке әйгілі ақынның аты беріліп отыр. Бұл қазақтың сөз өнерінің бағын асырған талантты ұлға жасалған құрметтің белгісі деп білемін, – деді Рахматілдә Сегізбайұлы.
 Одан кейін құттықтау сөздің кезегін Әзімбек Жанқұлиевтің ағасы Алтынбек Жанқұлиев, Тараз қаласы ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің төрағасы Дүкенбай Ермеков, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқан Садырқұл алып, ақын атымен аталатын мектептен әлі де талапты ұл-қыздардың түлеп ұшатындығына сенім білдірді. Өз кезегінде мектеп оқушылары да Әзімбектің өлеңін жатқа оқып, көпшілікті тәнті етті.
 Келесі сәтте құрметті қонақтарға мектепке ақын атын берілгендігін растайтын тақтайшаның пердесін түрді. Іле-шала алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар мектепке қарай бет алды.
Жарты ғасырға жуық тарихы бар білім ошағында бүгінде 150 оқушы білім алып жүр. Оларға 27 ұстаз дәріс береді. Биылғы жылы мектеп оқушылары Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында орташа 78,1 балл жинады.

Ш.КҮЗЕКБАЕВ

"Жас Алаш" газеті.

12 қыркүйек 2017 г. 3 430 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 084 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 830 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930