» » Тәуелсіз Қазақстаным!

Тәуелсіз Қазақстаным!

Мақсаты:

1.16желтоқсан-Тәуелсіздік мерекесі екенін,оның тарихын түсіндіруТәуелсіз еліміздің рәміздері және ескерткіштерімен таныстыру;

2.Тәуелсіздікті сақтау үшін білімді болу керек екендігін түсіндіру;

3.Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтауға, Отанды сүюге тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: Н.Ә.Назарбаев портреті, еліміздің рәміздері,шар

Әдіс-тәсілдер: ҚР туралы әңгімелеу,сұрақ-жауап,тақпақтар айту.

Амандасу.Тәрбиеші сөзі.

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар және балалар. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстаным атты сынып сағатымызды бастаймыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!

Күндер өтті кешегі,

Несіне оны жасырам.

Әнұраным бүгінгі

Баға жетпес асыл ән.


Хор:ҚР мемілекеттік әнұраным.


-Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше.Өйткені біз бүгін тәуелсіздік мерекесіне арнайы,келген қонақтарға тәуелсіздік,Отанымыз жайлы айтып береміз.

-Балалар,бізқай мемілекетте тұрамыз?-Қазақстанда.

-Біздің ұлтымыз кім?-Қазақпыз

-Біз қандай мемілекетпіз?-Тәуелсіз

-Біз қай тілде сөйлесеміз?-Қазақ тілінде

-ҚР елбасы кім?-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Балалар,бізге тәуелсіздік оңай келген жоқ,осы жолда ата-аналарымыз,аға-апаларымыз көп күресті.Біздің жақсы өмір сүріп,білім алып отырғанымыз осы аға-апларымыздың арқасы.1991жылы 16желтоқсанда Тәуелсіздікке қол жеткіздік.

-Балалар,тәуелсіздік дегеніміз өзге елге тәуелді болмау,еркіндік дегенді білдіреді.Тұңғыш президентіміз сайланды.Өз еліміздің рәміздері ту,елтаңба,әнұранымыз шықты.Өз Ата заңымыз бекітіліп,төл теңгеміз шықты.Елбасымыздың тұрақты саясаты мен халқымыз бірлікте,достықта өмір сүруде.

-Балалар біз рәміздерімізді білемізбе?

Ту, елтаңба, әнұран.

Туымыздың түсі қандай?онда не бейнеленген?

Елтаңбада не бейнеленген?

Балаларға тәуелсіздік туралы бейнетаспа көрсету.

1.Айым

Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел

Бабалар мәңгі бақи арман еткен

Теңдікті бостандықты иеленгендер

2.Әділхан

Егемен елімнің ертеңі деп

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы білім ал елің үшін

Еңбек ет тыным таппай жан аяма

3.Жансая

Бостандық құтты болсын ерікті ел

Айдын көл, көк майсалы көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып тәу еткен жер

4.Бекназ

Ел болдық ерік алдық Астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі

Нұрсұлтанның атымен басталады

5.Әдемі

Халқымның мақтанышы алып тұлға

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек көкке қолын созып тұрған

Ұқсайды менің асқақ арманыма

6.Ақарыс

Желтоқсан ау ұмытылмайсың жүректе

Ұрпаұ өсер айналатын тірекке

Егемендік тиді бүгін еншіме

Желтоқсаным жеткіздің ақ тілекке

7.Айзере.Б

Ел болдық егеменді теңдік алып

Бар әлем қазақ елін болды танып

Қайнауы кенге толы қазақ елі

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.


Ән:Қазақстаным: Бекназ, Жұлдыз, Ахмет


8.Алихан

Тәуелсіздік арайлап тақан таңға

Тірек болар әнұран мен елтаңба

Рәміздер тәуелсіздік мәртебесі

Орныққан азаттықтың ұлы іргесі

9.Ақторғын 

Көк аспанда нұрлы күн

Күлімдейді далама

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға

10.Ахмет

Тәуелсіздік менің соққан жүрегім ғой

Тәуелсіздік ата баба тілегі ғой

Бар әлемді өзіне таң қалдырған

Тәуелсіздік еліміздің тірегі ғой.

11.Айзере

Мұз жастанып азаттықтың жолында

Тәуелсіздік туы тұрды қолымда

Сойлы таяқ ойнаса да жанында

Отан үшін жанын ұлдарың

Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың

Күйініштен ауырады жүрегім

Естігенде желтоқсанның ызғарын

12.Арсен

Жарқырашы Қазақстан

Жайна сенде Астанам

Әрқашан гүлдене бер

Тәуелсіз ел Қазақстаным!


 Хор:  Ел қорғауға әзірміз: Ер балалар   

 13.Нұртілек

Әнұраным айбаттым

Тәуелсіздік Қайраттым

Достық бірлік татулық

Арманға жетті жаңғырып

Жастар салған айбатты үн

14.Дана

Ұлттық өрнек мұрамыз

Адастырмас мұраттай

Нық көтеріп тұрамыз

Жалауды біз құлатпай.

15.Бекасыл

Жасасын азат ерлік күн

Жасасын бейбіт ел мен жер

Бостандық алған қазақтың

Мәртебесін көрсін ел.

16.Рабина

Бақтың құсы әр адамға қонып бір

О Тәңірім бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр

17.Айбек

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап

Қанат қағып барады


Ән:Тәуелсіз елдің ұланы: Хор


18.Жұлдыз

16-шы Желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеде ел қуанып

Шаттанып ән салған күн

 

Көрініс:Әже-Айзере, Бала-Санжар, Ата-Санжар. Тәуелсіздік

19.Бағжан

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілікке сақталады

20.Санжар

Тәуелсіздік мәңгі сақталсын

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Ән: Ел қорғауға әзірміз!

Қорытынды: Бір ата, бір ананың түлегіміз

                  Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

                  «Бірлік барда тірлік бар» деген бабам

                  Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!

-дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз. 




 

Шынар Кенжалиева 


 Алға орта мектебінің ІІ санатты 

 мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

 Атырау облысы

 Махамбет ауданы

19 қаңтар 2019 г. 10 129 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 571 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930