» » « Патриот ұрпақ –Мәңгілік елдің жетістігі»мектепалды даярлық тобы балаларыны патриоттық тәрбие беру

« Патриот ұрпақ –Мәңгілік елдің жетістігі»мектепалды даярлық тобы балаларыны патриоттық тәрбие беру

 

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030»  стратегиялық даму бағдарламасында « Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншігін дамытуға тиіспіз» деген сөзі бүгінгі жас ұрпаққа патриоттіқ тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Еліміздің болашағы –жас ұрпақты тәрбиелеуде бесік –білім беру мекемесі Мектепке дейінгі кезендегі тәрбие –адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.  Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттірінің бірі – өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге құрметпен, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу деп көрсетілген.

Патриот  ұрпақ   – ол ұлттық тұлға. Заман талабына сай тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылықты, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді .Осы арайда Отандық жаңа инновациялық технологиялар «Электронды киіз үй » «Бал-бала»«Даналық әліппесі» т.б.алатын орны ерекше  Қазақ халқы өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен- ақ бесік жырынан бастап, өлең – жырларымен, әңгіме, ертегілермен т.б. арқылы тәрбиелеп отырған. Бала жан дүниесі сезімге бай, әсерленгіш келеді. Психологтардың пікірінше, тұлға болып толық қалыптасып жетілуі салыстырмалы түрде кеш байқалғанымен, адамның қоғамдық мәнін сипаттайтын қасиеттер ерте сәбилік кезеңнен-ақ біліне бастайды. Міне, сондықтан да бала психологиясында жақсы көру, сезіну, жақсылыққа ұмтылу сияқты қасиеттерге тәрбиелеуді өз орнымен, жүйелі түрде жүргізе алуымыз керек.Сондай ақ Отандық мультипликациялық қойылымдар бала деңгейінде ұлттық нақышқа ,ұлттық рухта жасалып , балабақшадағы шағын кинозалда көрсетілуі бала дамуы үшін орасан зор пайдалы. Мектепке дейін ұйымдарда балалардыңойын еркін жеткізуіне,рухани патриоттық тұрғыда білім алуына, тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.

Тәуелсіз еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі азамат, ол бүгінгі бүлдіршіндер. Елбасымыз – Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндеттеріміздің бірі» деген.           

Патриот ұрпақ –Мәңгілік елдің жетістігі , бақыт ашқан қақпасын, мәңгі бақи жаппасын - деп, ел болып жатқанда балалардың білімдерін кеңейтіп, күнделікті өмір шындығымен байланыстырып, париоттық сезімдерін ояту, қазіргі таңда алдыңғы орындағы міндеттердің бірі. Алдымен «патриот» деген сөздің өзіне тоқталсақ, кейде біздердің арамыздан, патриот - ол тек қана сол ұлттың адамы болуы керек деп түсінетіндер табылады. Менің тобымда орыс, украин, кәріс, неміс, ұйғыр ұлттарының балалары бар. Олардың туып-өскен жері Қазақстан. Олар да өздерін қазақ елінің патриотымыз деп білуі керек. Себебі олар осы елдің ұландары. Біз оларға «Сен патриот емессін»- деп айтуға құқымыз жоқ.     Патриот – ол өзінің елін сүйетін, елінің мәдениетін, тілін, әдебиетін, салт – дәстүрін, тарихын білетін, жерінің табиғатын сүйіп, қорғай білетін, өз халқының ерен еңбектерін бағалай білетін, жамандықтан аулақ, жаны таза, елжанды адам. Бұл балалардың ата-аналары да осыны түсініп, сезіп өз балаларын қазақ тобында тәрбиелеуге беріп отыр. Олар өз балаларының туған елдің жақсы азаматы болып өскенін қалайды.

Өзімнің алдыма келетін мектеп алды даярлық топ балаларына берілетін оқыту – тәрбиелеу жоспарын осы жоғарыда айтылған мәселелер бойынша, патриоттық қасиеттерді бала бойына сіңіру негізінде жоспарлаймын.

Бала білім мен тәрбиенің негізін балабақшадан алады, сондықтан жүргізілетін жұмыс жоспарымыз мемлекеттік стандартқа сай дұрыс болса, Қазақстанның болашағына сенімді боламыз.   

Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын, естігенін, көргенін ой – қимылын тіл арқылы жеткізеді. Сондықан баланың  өз ана тілінде дамуы, сөйлеуі, ойлауы басты мәселе. Адамның ағзасының тіршілік етуі үшін ауа мен тамақ қаншалықты қажет болса, рухани санасының жетілуіне өз ана тілі мен тарихы соншалықты қажет. Әр ұлттың тұтастығы, тәуелсіздігі, мемлекеттің өркендеуі үшін де ана тілі қажет екені белгілі. Әр ұлттың ана тілі оның бет – бейнесі, баға жетпес байлығы, ар – намысы мен мақтанышы.

Тіл дамыту, көркем әдебиет, айнала қоршаған ортамен таныстыру, сауат ашу, «Театр қойылымы»  сабақтарында «Туған өлкем», «Менің Қазақстаным», «Менің елімнің рәміздері», «Тәуелсіз елім - Қазақстаным», «Абай өлеңдерін жаттауда....», «Аталар жолын ардақтаймыз» тақырыптарында сабақтар өткізіп,  қысқаша қойылымдар арқылы Отанына, халқына деген сүйіспеншіліктерін арттырып, патриоттық сезімдерін оятамыз.

Мектепалды даярлық топ балаларының базалық оқу жоспарына енгізілген «Астанатану» пәні бойынша перспективтік жоспар құрылып, жоспар бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. «Астана – әсем қала», «Ескі қала – бүгінгі жаңа астана», «Мұражайға саяхат», «Қаланың көрікті жерлері», «Астанадағы тарихи ескерткіштер», «Астана - спортшылар мекені», «Астана -өнер ордасы», «Қаламдағы тарихи орындар» тақырыбындағы сабақтар арқылы және «Менің сүйікті Астанам» тақырыбында викториналық ойын сабақтары, т.б. осындай  сайыстар арқылы білімдерін шыңдайды. Сол сияқты мектеп жасына дейінгі балаларды қаламыздағы тарихи тұлғалар мен батырлар, ақын-жазушылар есімі берілген көше атауларымен таныстыру, жақын маңдағы көшелерге серуенге шығу арқылы өз қаламызға, қазақ халқының батыр ұлдарына деген сүйіспеншіліктерін арттырып, оларға деген құрмет сезімге тәрбиелейміз.  Осы мақсатта «Бұл есімдерге қалалар мен көшелер есімдері берілген» тақырыбында жоба жұмысы дайындалып, оған топтағы балалардың ата-аналары белсене қатысып, сурет көрмелері, жылжымалы папкалар, газеттер, тақырыптық слайдтар дайындалды.      

 Бүлдіршіндерге патриоттық тәрбие беруде ұлттық ойынның да мәні зор. Қазақ халқы ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез – құлықтарының қалыптасуының құралы деп те ерекше бағалаған. «Арқан тарту», «Көкпар», «Қыз қуу», «Теңге алу» сияқы ойындарды қолданған және бұл ойындар арқылы балалардың икемділігі, тапқырлығы, батырлығы артып, париотық сезімі оянады. Париоттық тақырыпта түрлі дидактикалық ойындар: «Киіз үйді құрастыр», «Кім қайда болды?», «Жалауға кім бірінші жетеді?», «Бір шаңырақ астында» т.б. ойындарды қолдануға болады.

Тәрбиеші балаларға үлкендерге құрмет көрсетуді,өз қатарларымен дұрыс қарым- қатынас жасауды ,заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Бұлар әдет бола отырып, мінез-құлық нормасына айналады: сәлемдесу мен  қоштасу, біреудің көрсеткен қызметіне рақмет айту, алған заттын орнына қою,қоғамдық орындарда өзін мәдениетті  ұстау,өтінішін ізеттілікпен білдіру әдеті .

      21-23 ақпан аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласында Щучье көлінің онтүстік -батыс жағалауында, «Балдаурен» Республикалық ойын сауықтыру орталығындаҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің

            25жылдығына арналған «Біз мәңгілік елдің іргетасын қалаушы Ұлы далаұрпағымыз!»  атты Республикалық патриоттар форумы өтті сол форумға қатысқан үшін   сертификат  берілді.

Сондықтан да әр педагогтың алдында осы міндетті іске асыру, яғни өз елінің патриотын тәрбиелеу міндеті тұр.

Қорытындылай келе, балаларды  мектеп жасына дейінгі кезеңде өз Отанына деген патриоттық сезімге тәрбиелесек, болашақта еліміздің тұтқасын ұстайтын ұрпақ тәрбиелеуіміз сөзсіз.


Кымбат Байларова,

Шідерті орта мектебінің  жанында

«Балдырған» шағын орталықтың 

тәрбиешісі

Павлодар облысы,

Ақтоғай ауданы,

Басқамыс ауылы

19 сәуір 2018 г. 9 859 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 766 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031