» » Конструктивистік теорияның оқушылардың айтылым дағдыларын жақсартуға ықпалы

Конструктивистік теорияның оқушылардың айтылым дағдыларын жақсартуға ықпалы

Қазіргі мектеп оқушыларының сөйлеу мәнері мен айтылымы лексиконның кедейлігімен, интернет-сленгтердің көптігімен ерекшеленеді.  Айтылым әрекеттерінде  клиптік  ойлау, тұтас дүниетанымдық  көзқарасының жоқтығы, фактілерді сыни тұрғыдан ойлау, мәдениеттің деформациясы байқалады.   Сондықтан,  оқушылардың айтылым дағдысын дамыту-тек тілдік пәндері емес, басқа пән мұғалімдерінің  алдында тұрған негізгі оқу міндеттерінің бірі.

Айтылым- көпаспектілі, күрделі құбылыс. Ол адамдар арасында  қарым-қатынас  қызметін атқырады.  Адамдарға тән осы әрекет нәтижесінде  негізгі өнім -  өз ойын айту  пайда болады. Бұл күрделі дағдыны дамыту  белгілі бүр жүйелі іс-әрекеттерде дамыту мүмкін. Сондықтан  алдымен  оқыту жүйесін саралап, оқытудың  нәтижесінде  өзін-өзі реттеп,  алатын, адамдармен, ортамен, мәдениетпен диалогтық қарым-қатынас орнатуға  тетіктері қалыптасқан зияткер тұлға  қалыптастыратын оқыту үлгісін таңдау қажет. Аталған  дағдыларды дамыту әсіресе құрылымдалған оқытуда  (конструктивизм) көзделген мақсат ретінде байқауға болады.  Конструктивтік оқыту теориясын  негізінде Ж.Пиаженің когнитивті даму  теориясы жатыр. Ж.Пиаже  білімнің  қалыптасуы бірнеше даму кезеңінен өтетінін дәлелдеген.  Кіші жастағы балалардың үлгісінде  адамдардың алдымен білімді  меңгеріп, содан соң құрылымдап, кейін қолдануына көшетін заңдылығын зерттеп анықтаған. Яғни, оқушылар оқу үдерісінде алдыңғы білімдеріне сүйеніп, келесі білімге тасымалдап өз түсінік әлемін құрады. [3] Конструктивті теорияның басты ерекшеліктері кестеде көрсетілген. (кесте 1)

Кесте 1.



 

Конструктивизм

Басты артықшылығы

Оқу материалын терең түсіну және  ұзақ мерзімді есте сақтау

Бақылау локусы

Мұғалім  нұсқау береді, бірақ оқушылар  мазмұн мен жұмыс темпін өздері реттейді.

Білім беру

Оқушылар білім алудың стратегияларын меңгереді.

Қарым-қатынас

Мұғалім – оқушы, оқушы-оқушы қарым-қатынасы аса анық байқалады

Технологияларға қатынасы

Қарым-қатынас пен білім алудың жаңа  технологияларына үйренеді.

Осылайша, конструктивтің оқыту теориясында қарым-қатынас, белсенді оқытуға негізделгендіктен, мұғалімдердің алдында тұрған басты мәселелердің бірі- оқушылардың айтылымын дамытуға осы теорияға негізделген бірнеше әдістер таңдалды.Олар:

-Мористің 4/3/2 техникасы

- Резюме жасау

- Әңгімені аяқтау,

- Симкоктың сұрақтар мен жауаптар  әдістемесі оқушылардың айтылымын жақсартудың негізгі техникалары ретінде анықталды.

Айтылым дағдысын жақсарту мақсатында мектепте 5-ші сыныпта жұмыс жасайтын мұғалімдердің өзекті мәселесі болғандықтан зерттеу тобы құрылып, осы мәселені шешу көзделді.

Мористің 4/3/2 техникасы. Бұл техникада  оқушылардың біреуі сөйлеуші, екіншісі тыңдаушы рөлінде болады.  Ортатор 4 минут бойы оқыған  немесе меңгерген оқу материалы бойынша  сөйлейді, осы уақытта  екіншісі тыңдайды.  Кейін жұптар  рөлдерімен алмасады, тыңдаған оқушы сол ақпаратты 3 минут бойы әңгімелейді, келесі алмасуда  2 минуттық әңгімемен аяқталады. Бұл техника оқушылардың айтылымын ғана емес, тыңдалым дағдысын да жақсартуға ықпал етеді, оқушылар оқу материалын бірнеше рет айтып, тыңдау арқылы  ұғып алады. Сонымен қатар,  тыңдау үдерісінде айтушының  баяндауын бағалап отыруға мүмкіндігі болады. [2]

Резюме жасау. Оқушылар сыныптастарына оқиғаларды немесе әңгімелерді баяндау барысында оқушылар қысқаша резюме жасау қажет. Әңгімелеу оқушылардң шығармашылық ойлауын, айтылым дағдыларын дамытады. Бұл жаттығуды сабақтарда  жиі пайдалану арқылы  оқушыларға оқиғаның басы, ортасы мен соңында  кейіпкерлер  мен оқиғаның өрбіген орны туралы өз идеяларын  қалыптастыруға көмектеседі. Резюме жасауда оқушыларға алдын ала  қысқа жазба жасау ұсыну- оқушылар жобаларының,  айтылымының сапасына оң әсерін тигізеді.

«Оқиғаны аяқтау» сабақты зерттеу барысында оқушылардың   ең сүйікті жаттығуына айналды. Бұл жаттығуда мұғалім оқиғаның бірнее сөйлемін оқып, тоқтайды. Бір оқушы оны тоқтаған жерінен жалғастырады. Келесі оқушылар осылайша оқиғаны  4-5 сөйлем қосып жалғастырыпр отыру қажет. Оқушылар жаңа кейіпкерлерді, сипаттамаларды, оқиғаларды қосуы мүмкін. Бұл іс-әрекет  оқушыларға айтылым дағдыларын ғана емес, сонымен бірге өз ойын айтуға үйретіп, есте сақтауын жақсартады.

Симкок әзірлеген  сұрақтар мен жауаптар  әдістемесі. Бұл әдістеме оқылымға негізделгенімен  оқушылардың айтылымының дамуына айтарлықтай үлесін тигізеді. Оқушылар  оқиға немесе әңгімені түсінігінің жоғары деңгейі қалыптасқанша дейін оқиды, кейін  жұпта бір-біріне  мұғалім әзірлеген сұрақтар тізімінен сұрақтар қояды.  Бұл сұрақтарға жауаптар  мәтінде берілген  идеялардың қысқаша мазмұнын береді.  Жаттығудың  мақсаты-  оқушыларға сынып алдында  сұрақ қою мен жауап берудің шапшаңдық дағдыларын иеленуге мүмкіндік беру. [1]

Сипатталған 4 әдіс зерттеу сабақтарда 1-2уден қолданылып, оқушылардың грамматикасы, фонетикасы, баяндау кезінде пайдаланған жаңа сөздер арқылы  тиімділігі бақыланып, анықталды.  Зерттеу барысында  аталған әдістер айтылымнан басқа кіріктірілген дағдылардың дамуына ықпал ететіні анықталды (сызбанұсқа 1).

Сызбанұсқа 1.

Зерттеу нәтижесінде бақыланған оқушыларда зерттелген критерийлер бойынша мына нәтижелер шығарылды:

  • Сабақта пайдаланатын жаңа сөздерінің артуы (енжар оқушылардың сабаққа тартылып, жаттығуларды орындау барысында әнгімелеуі, баяндауы);
  • Сұрақ қойып, жауап беру. Зерттеу басында оқушылар 1-2 сұрақпен шектелсе, зерттеу соңында саны 8-10 сұрақтар мен жауапқа жетті;
  • Грамматикалық және фонетикалық  қателердің шегерілуі. Грамматикалық қателердің  пайыздық мөлшері 40-50%-ға дейін кеміді.

Зерттеу барысында мұғалімдер тобы  оқушылардың айтылымын дамыту барысында  жаттығуларды  күтілетін нәтижелер мен  мақсатқа сай таңдау маңызды екенін анықтап,  айтылымның қамтыған 3 облысын ескеретін болды.

- Механика: бұл аймақ сөздік мүшелерді, сөздің айтылымын, лексика, граматиканы қамтиды;

- Функциялар: бұл аймақта  сөзді транзакциялау мен  әрекеттестіру сипатталады.  Оқушылардың мазмұнды қаншалықты түсінгені анықталады;

- Әлеуметтік/ мәдени нормалар  мен ережелер: мәденр құндылықтар, рөллік ойындар мен жаттығуларды бірін-бірі тыңдау, әлеуметтік нормаларды ұстану.

Сонымен, сабақтарда конструктивистік оқыту теориясын ұстану  аясында оқушылардың айтылымын  дамытуда әдістерді таңдауда  тек бір  дағдыны назарда ұстамай, 3 дағдыны (жазылым,тыңдалым, оқылым)  бірдей ұстаған жөн. Айтылымды дамытуға арналған дағдылар коммуникативтілікке бағытталған, оқушыларға  түсінікті талаптар болған жағдайда   мұғалімдердің әрекеті  табысты болады.

Әдебиеттер:

  • Морис Мастер-класс по свободному владению языком // Бюллетень TESOL. - 1983. - Т. 17. - №. 4. - стр. 29.
  • Обработка, PO Box 11071, Des Moi es, IA 50336-1071, 1998. - стр.

Теория когнитивного развития Пиаже Теория когнитивного развития Пиаже - https://ru.qaz.wiki/wiki/Piaget%27s_theory_of_cognitive_development 


Автор:

Алия Садвакасова Узаковна

«И.Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

09 ақпан 2021 г. 4 111 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 203 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031