Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері мен сипаты
Қазақстан Республикасның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 16-наурызынан бастап Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізген болатын. Осыған байланысты еліміздегі барлық мектеп оқушылары 2019 – 2020 оқу жылының ІV тоқсаннан бастап қашықтықтан білім алуда.
Алдымен «қашықтықтан оқыту» деген ұғымға тоқталатын болсам, қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.
Қазіргі қиын сәтте сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда мұғалімнің атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол қысқа мерзімді оқу жоспарын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін педагог оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.
Елімізде болып жатқан пандемияға байланысты кезеңді бүкіл әлем бастан көшуде. Әр істің соңынан жақсы іс келеді демекші оқыту жүйесін қашықтықтан оқытуға көштік. Қашықтықтан оқыту – бұл әдеттегі күндізгі немесе сырттай оқудан көп айырмашылығы мен артықшылығы бар оқудың жаңа айырмасы бар . Ол оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың өзара қарым-қатынасының өзгеше формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытудың өзгеше түрі ұсынылуда. Оқу формасында кез- келген оқыту жүйесінде бар компонеттерден ;оқытудың барлық түрінде,әлеуметтік қажеттілігі өтейтін мақсаттардан; оқу түріне қарай қолданыстағы программаларды қамтитын мазмұннан; әдістемелерден, ұйымдастыру формасынан, оқу құралдарынан тұрады.
Автор:
Жанерке Кайсина,
«Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектеп» КММ-нің
ағылшын тілі пән мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы,Бесқарағай ауылы