» » Көңілді қыс. Қысқы ойындар

Көңілді қыс. Қысқы ойындар

Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, сұраққа нақты жауап берып, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.


Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, сұраққа нақты жауап берып, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.

Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Бір-біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Сабаққа қажет  қыс суреттері (слайд), аққала, суреттер,қар,мұз..

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

        Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет     

      Ресурстар

 

Сабақтың басы:

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

 

Психологиялық жайлы жағдай орнату.

-Балалар бүгін бізде ерекше күн.Қане орнымыздан тұрып,мұғалімдермен амандасып алайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Құрметпенен сіздерге,

Бас иеміз біз.

Балалармен амандасу.

Балаларды түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.

Сабақтың ортасы

10 минут

 

Мұғалім қыс туралы жұмбақ жасырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақпақтар:  

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр баланың алдына  суреттердің қиындылары беріледі. Сол суреттерді құрастырып, суретке байланысты сөйлемдер құрау, пекс  карточкамен  көрсету

Жұмбақ: 

Шанамен зырғып желетін,

Коньки, шаңғы тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?

                                                               (Қыс мезгілі)

-Жарайсыңдар, балалар! Қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?

-Сәлеметсіздерме балалар? (сыныпқа аққала кіреді )

- Сәлеметсіз бе аққала?

- Балалар бәрің тамаша болып өсіпсіңдер. Тақтаға қараңыздар, қар жауып тұр. Балалар далада ойнап жүр. Сендер білесіңдер ме, қыста қандай ойын түрлері бар?

- Шанамен ойнаймыз, коньки тебеміз, қардан аққала жасаймыз.

- Балалар кім қыс туралы тақпақ біледі?

1.Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады, қатады

Жып-жылтыр болып жатады.

Біз тебеміз сырғанақ

Таудан төмен сырғанап

Бір шанада екеуміз

Құламайды екенбіз.

-Ой балалар көп-көп рахмет.

 Балалар мен сендермен бірге  қызықты тапсырмалар мен  ойындар ойнаймын.

 

 

  • Қардың суреті
  • Аяз атаның суреті
  • Шананың суреті.

Таныстырылым суретті бейне арқылы жұмыс:

 

 

Керімбекова Кәусар

Сайфуллаева  Сарвиноз

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті. Али мен Айя.

«Қыс туралы ән»

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

7 минут

Суретпен жұмыс.

Балалар ойнап жүр.

Марат шаңғы теуіп жүр.

Болат шанамен сырғанап жүр.

                           

Кеспе әріптермен жұмыс. (Шана)

Тақтаға балалар  шығып, «шана»  сөзін  жазады.

Тапсырма:  «Не артық?» 

Қысқы ойынға жатпайтын ойын құралын табу.(доп)

Коньки,шана,шаңғы

(Аққаланы  шығарып  салу.

 Аққала: -Ой балалар рахмет. Мен енді жалғыз емеспын, достарым көбейді. Маған арнап жасаған аққалаларына, орындаған тапсырмаларына, тақпақтарың үшін рахмет. Мен енді қайтайын. Сау болыңдар.

Бірге жаттайық «Қыс»

Келді-дағы қыс,

Дала аппақ түс.

Қос аяқта шаңғымыз,

Дөңге шықтық бәріміз.(2рет)

Баланың дамуы мен қабілетіне сай алынған түрлі тапсырмалар жиынтығы










Қорытынды бөлім:

Аяқталуы  4  минут

  • Аққала неден жасалады?
  • Қардың түсі қандай?
  • Қар мұздай ма жылы ма?
  • Аққала неше бөліктен тұрады?
  • Оның бөліктерінің пішіндері қандай?

Сабақтың соңы

2 минут

 

Балалар, Аяз атамыз бізге дорбасын беріп жіберіпті. Ол өзі бізге келу үшін көп күн жүреді  екен.Сондықтан дорбасын беріп жіберіпті. Сабаққа жақсы қатыстыңдар. Ендеше мен сендерге жұлдызша сыйлықтар  таратып беремын.

Балалар енді қонақтарымызбен қоштасайық.

-Сау болыңыздар.   



















































































































Автор:

Әзиза Кемелбекова

«А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейі» КММ-нің 

Инклюзивті қолдау кабинетінің педагог маманы

Түркістан қаласы
09 наурыз 2021 г. 5 562 0

Похожие новости:

title
«Л» дыбысы және әрпі
Рухани жаңғыру және білім
title
«Қысқы еңбек»
Мектеп ақпары
title
Зат есім
Рухани жаңғыру және білім

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031