» » "Шығармашыл ұстаз - 2020"

"Шығармашыл ұстаз - 2020"

«Кәусар» балалар бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның тәрбиешісі Асия Нусипованың ертеңгілік сабағы:

Мақсаты: Балалардың қыс  мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсінік терін кеңейту . Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау. Қоршаған ортаға деген сүйіспешілігін арттыру. Балаларды жапсыру іскерлік  дағдыларына машықтандыру, жапсыруды меңгеру. Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Шаттық шеңбері:
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнекей бәріміз
сәлемдейік үлкенге
Сәлеметсіздерме, қонақтар!
Бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы: «Алақай қыс келді!»
Аяз қысып, Өрнек сызып
Терезені торлайды.
Қарда омбығып, бет домбығып
Балалар сырғанап ойнайды.
Кейде ұлып  кейде ысқырып
ұйқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалардың жауабы: Қыс мезгілі.
Қыс мезгілінде ауа – райы қандай болады?
Суық, аяз болады.
Балалар қане жұмбақ шешіңдер:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Айналаны, үйлердің шатырын не басып тұр?
Балалардың жауабы:

Қар басып тұр.
Қар қайдан жауады?
Аспаннан жауады.
Қардың түсі қандай?
Аппақ мамықтай.
Неге онда жерді жылытпайды?
Қыс мезгілі суық болғандықтан жылытпайды.
Жазда күн ұзарып, ұзақ болады, ал қыста қысқарып күн қысқа болады, кеш тез түседі.
Ал сендер  қандай қыстық ойындар білесіңдер?

Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?

Шанамен сырғанаймыз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз, қар лақтырып ойнаймыз.
Мына суреттерге қараңдаршы, кімдерді көріп тұрсыңдар?

Балаларды көріп тұрмыз.
Олар не істеп жүр?
Ойнап жүр.
Балалар қыс туралы тақпақтар айтайық.
Зере
Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Жон аппақ түске енді
аралап қайтайық
Ақ күміс бақтарды.
Альмира
Далада қар борайды,
ақ мамыққа орайды.
Мұз боладықатады,
жып-жылтыр боп жатады.
Көркем
Шыңнан сырғып түстіде,
келді етекке қыс міне,
Ақ қарлар ақ көбелек
Қонды үйлердің үстіне.
Қызықты сәт.
Балалар біреу есікті тықылдатады. Кім екенін көрейікші. Аққала келеді.
Ой, балалар бізге қонаққа кім  келген?
Сәлеметсіз бе, Аққала!
Аққала: Сәлеметсіңдерме, балалар!
Мен кіммін?
Аққаласыз.
Мен неден жасалғанмын?
Қардан домалатып жасалғансыз.
Менің түсім қандай?
Аппақсыз.
Сендер қыс туралы тақпақ білесіңдерме?

Данияр
Біз тебеміз сырғанақ,
Таудан төменсырғанап.
Біршанада екеуміз
құламайды екенбіз.
Рамазан

Ақ шанамыз зырлайды,

Ақ қар оны шыңдайды.
Біреу шаңғы  тебеді,

Құйындатып келеді.
Аққала: Балалар мен сендерге көрсететін қызық сиқырым бар. Көргілерің келеме?
Аққала басындағы шелегін алып, ішінен киімдердің суреттерін алып шығады.
Тәрбиеші: Балалар не деген әдемі көп суреттер. Аққала сіз біздің балаларға әдемі суреттер әкелген  екенсіз.
Аққала:Мен осы суреттермен балалармен ойын ойнағым келіп тұр. Ненің суреттерін көріп тұрсыңдар?
Әртүрлі киімдердің суреттерін көріп тұрмыз.
Енді Осы суреттегі киімдерді жылдың қай мезгілінде киеміз соған қарай топтаймыз.
Д/о: « Киімдерді топтау»
Сергіту сәті
Боран соғар оң жақтан,
боран соғар сол жақтан.
Қар атысып ойнасақ,
Су болады қолғаптар.
Тәрбиеші: Енді іс әрекетімізді жапсырумен жалғастырамыз. Аққала біздің балалар қазір сізге көп аққала жапсырып береді.
Мынау ненің суреті?
Аққаланың суреті.
Оның түсі қандай?
Түсі аппақ.
Пішіні қандай?
Домалақ.
Тәрбиешіүлгі ретінде тақтаға бір аққаланың жапсырылу жолы көрсетіледі.

Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды. Жапсыру іскерліктері  артады. Ұсақ саусақ моторикасы  дамиды. Жұмысты таза жасауға үйренеді.
Дайын жұмыстарды Аққала мадақтайды, рахметін  айтады. Қоштасып кетеді.

Қорытынды: Біз бүгінгі сабақта не туралы өттік?

Кім бізге қонаққа келді?

Қандай  жыл мезгілі туралы тақпақтар айттық?

Барлығың сабаққа жақсы қатыстыңдар.
Жұмыстарына мадақтау айтып сабақты аяқтау.

13 ақпан 2020 г. 2 010 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 988 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 794 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930