» » Қош келдің, Әз Наурыз!

Қош келдің, Әз Наурыз!

  

Залда әсем әуен ойнап тұрады. Балалар билеп кіреді
Тәрбиеші: Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Қақыраған қыстан әрең шыққан қалың халық, көктемнің жылы күнінде бір –бірімен жүздесіп,төс қақтығысып амандық сұрасты.

Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық бәріміз!
Наурыз жыл басы, наурыз қуаныш мерекесі.
Тәрбиеші:
Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық

ӘН: «Көктем келді»

Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.

Тақпақтар:

Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.

Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.



Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қаутышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты

Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.

Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.

Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.

Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойы бастайық!

Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!

Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз

Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді.
Тәрбиеші:

Әндетіп Алдар келеді (Мен Алдармын, Алдармын)
Айтысып жатқан балалардың даусын естіп келдім. Бұл жерде мереке болып жатыр ма?
Тәрбиеші: Иә, Алдар көңіл - күйің жақсы екен, амансың ба?
Алдар: Амансыздар ма! Наурыз мейрамы құтты болсын.
Иә, сараң байды алдап, мінекей наурыз мейрамына жаңа шапан киіп көңілді келемін. (көрсетіп қояды шапанын)
Тәрбиеші: Ендеше ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы ал, наурыз мейрамың құтты болсын!
Алдар: Рахмет! Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Ұлттық дәстүрмізді «Тұсау кесерді » алып келдім.
Дәстүр: (Тұсау кесер)

Тәрбиеші: Рахмет саған Алдар. Әкелген ұлттық дәстүрің балаларға өте ұнады, кел дастархан басына төрлет.
Алдар: Рахмет (дастархан басына отырады)

Тәрбиеші: Наурыз тойын бастаймыз
                   Бимен оны қостаймыз
БИ: «Аққу»
Тәрбиеші:

Әрбір қазақтың бойында бар қасиет: қазақы дәстүр,салт- сана ,ұлттық ойын.

Ендеше ұлттық ойыннан бір тарту болсын

Ойын: Арқан тарту

БИ: Ұлдардың биі «Қара жорға»
БИ: «Қамажай» 
кіші топ

 

Тәрбиеші: Осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын ағаайын!

           

 Жаналиева Лаззат Тоганбаевна

ТОО «Жаңа Шырақ» балабақшасының ортаңғы топ тәрбиешісі

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы

28 сәуір 2022 г. 3 264 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 156 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 593 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031