» » «Кел, Жаңа Жыл,Жаңа Жыл» мерекелік ойын-сауық кеші

«Кел, Жаңа Жыл,Жаңа Жыл» мерекелік ойын-сауық кеші

Сәлеметсіздер ме құрметті қадірлі қонақтар біз сіздерді жаңа 2019 доңыз жылымен құттықтаймыз!

















Жүргізуші

Сәлеметсіздер ме құрметті қадірлі қонақтар біз сіздерді жаңа 2019 доңыз жылымен құттықтаймыз!Сіздерге жаңа жылда жаңа табыс,бақыт  тілейміз.Ал енді Аяз Ата мен Ақшақарды ортаға шақыру үшін кішкентай бүлдіршіндерімізді шақырамыз. 

Тақпақтар

Жүргізуші

Уа, халайық , жарандар
Айналаға қараңдар

Жаңа жылдың бұл тойын

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп ,шат болып  

Шаттана күліп тараңдар

Уа, халайық, құрметті

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып

Өткізейік дүрмекті

Уа, халайық, той бүгін

Бақыт шаттық мол бүгін

Қарсы алайық доныз жылын

Ұзатып сап ит жылын.

Журізуші

Аяз Ата,Ақшақар ааауууууу қайдасыздар.Біз сіздерді күтіп отырмыз.Ортаға кеп концертімізді тамашалаңыздар.(Аяз ата мен ақшақар келеді)


Жүргізуші       

Салметсіздер ме, құрметті Аяз ата мен Ақшақар қош келдіңіздер

Аяз ата- Сәлеметсіздер ме ұстаздар мен оқушылар

Ақшақар- Армысындар

Жүргізуші 

Уа,жұртым,жиналған

Көнілдерің дүр маржан

Айналайын  ұлдарым

Аяз ата,Ақшақар

Жетті жолдан қиналған

Ештеңе емес барлығы

Алдымыздан  күлді арман

Мықтылығы мәлім ғой

Өтіп кеткен жылдардан,-дей отыра би

Ақшақар: Балалар,ұстаздар біз өздеріңді сағынып келдік.Жаңа жылдарың  кұтты  болсын . Доныз жылы  береке, бірлік әкелсін.

Аяз ата : Бәрі үшін бақытты  да куанышты  кезең  болсын.

Ақшақар : Мен сендермен жаңа  жылды қарсы алғаныма өте  куаныштымын .Сіздер маған  бір өнер көрсетіп бересіңдер  ме?  (Балқия мен Дамирдің орындауында ән),(Мирас пен Гүлназдың)әні «Қыдырып қайтайық»

Жүргізуші

Би билейік бұралып

Қыздар тұр сұранып

Мен де тұрмын кұр қалып

Шаттанайық қуанып қыздардың орындауында флешмоб

Жургізуші

Ар бол ,Жаңа жыл

Бар бол ,Жаңа жыл

Қадамың кұтты болсын ,жаңа жыл

Бейбітшілік жылы бол,жаңа жыл

Құт-береке жылы бол,жаңа жыл –деп Дамирдің әнін тамашалайық


Жургізуші

Міне , қымбатты балалар ,бірлесіп ,достасып өткізген мереке қашанда  қуанышты өтеді. Достық бірлік, барін де жеңеді.Аспанымызды бұлт торламасын ,аспанымыздағы  күніміз сөнбесін.


Барлық жандар бір  тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл

Құтты болсын жаңа бақыт, достарым.

Жүргізуші

Ал енді Аяз ата мен Ақшақарға арналған өнерлерін көрсетуге сахнаға сұлу қыздарымызды Зейнегүл мен Гүлназдың орындауында «Жұлдызым» әнімен ортаға шақырамыз

Жургізуші

Ал енді құрметті Аяз ата мен Ақшақар сіздердің алдарыңызда

-ескі жылдың құрметіне арнап ұлдар мен қыздарды ортаға биге шақырайық.

Жургзуші

Ал енді достар мен ұстаздар сіздердің алдарыңызда көңілді интернат КВН командасы

Жүргізуші

Ал, халайық ,тұрмайық

Әндетеиік жырлайық

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Жырдан шашу шашайық!-дей отыра ортаға әсем әндерімен Асылбек мен Мәуленді шақырайық.

Жүргізуші:

Ал енді келесі кезекті ойынға

Бұл оиын «Тосын сый» деп аталады,ортаға үш жұп шақырамыз,мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырмалар жатыр.Сіздер құрған жұп бұл шарлардың біреуін таңдап медляк билеп жүріп жаруыңыз керек және қағаздағы тапсырманы орындайсыз ,ал егер орындамасаңыз Аяз ата сыйлығынан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз


1-жүргізуші

Аяз ата, Ақшақар жаңа жылымыздың құрметіне кішкентай ұл қыздарымыздың орндауына би 

2-Жүргізуші: Келесі кезекті  тағы да бір ойынға берейік

Бұл ойынымыздың атауы «көңілді суреттер» ортаға ұстаздардан құралған 4жұп шақырамыз,( құпия)

1-Жүргізуші

Ал енді құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтай отыра сахна төріне «Жаңа жыл» әнімен Камиланы шақырамыз

2-жүргізуші 

Біздің жаңа жылдық шағын концертіміз аяқталуға таяп қалды,ал енді Аяз ата,Ақшақар сіздерге біздің жаңа жылдық шағын концертіміз ұнады ма?

Аяз ата: Жаңа жылдарыңмен достар,шанамызға мінейік , Ақшақар.алда барар ауыл бар,жыл қуантсын баршаны

Ақшақар:-Жаңа жыл баршамызға мол табыс,шат-шадыман көңіл күй сыйласын

Аяз ата:

Рахмет балалар,біз бекерден бекер алыстан ат терлетіп келмеген екенбіз концерттеріңіз мен ойлағаннан да керемет болды  келесі жылы кездескенше  қош сау болңыздар

1-Жүргізуші

Канекей, достар, Аяз ата мен Ақшақарды құрметпен шығарып салайық (Аяз ата мен Ақшақар кетеді)

2-Жүргізуші

Құрметті достар!

Жаңа жыл!Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін,Еңбектеріңіз жемісті болсын!

1-Жүргізуші

Жаңа жыл құтты болсын!Келесі  кездескенше КОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

Касымова Гүлшат Қазиханқызы
Солтүстік Қазақстан облысы,
Жамбыл ауданы,
 Благовещенка селосы
"Благовещенка орта білім беру мектебі"
КММ жанындағы интернат тәрбиешісі
09 ақпан 2019 г. 8 004 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 569 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930