» » «Рухани жаңғыру» - жарқын болашақ, кемел келешек

«Рухани жаңғыру» - жарқын болашақ, кемел келешек

 


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бағдарламалық мақаласы «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту»- «Рухани жаңғыру» бүкіл елдің сапалы түрде қайта жаңғыруына негіз бола алатын идеялық бастау.

Тәуелсіз еліміздің тұңғыш президенті аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.

Бүгін де қазақстандықтар  еліміздің тарих толқынында жаңа біркезеңнің дүниеге келгеніне куәгер. Оның мықтылығы  жаһандану үрдісінде Президент жария еткен үш бағыттың бір уақытта жүзеге асуы: экономиканың жаһандануы, үлкен саяси жаһанданудың негізін салған конституциялық реформа және қоғамдық сананың жаһандануы. Үш тұғырдың ішінде ең соңғысы ең күрделісі, ең қиыны. Себебі дәл мұндай тапсыпма қазақстандықта бұрын- соңды болмаған. Әр бөлімнің жаһанданудың жүзеге асуына септігін тигізетін қолғанаттары іспеттес жобалары бар. Олардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі- «Туған жер». Жобаның мақсаты- қазақстандықтарда шынайы патриотизмге тәрбиелеу. Бағдарламалық мақалада: «Патриотизм  өз өлкеңе, ауылыңа, қалаңа, өңіріңе, туған жерге деген ыстық махаббаттан басталады»,- делінген.

 «Туған жер» бағдарламасы өте жоғары назарда қабылданды. Қазіргі таңда, Қостанай қаласының балалар шығармашылығы мектебінде, мектеп басшысы Баймусина Ляззат Ибраевнаның бастамасымен «Мәртебелі қонақ» шығармашыл қонақүйі қызметін атқаруда. Оның жұмысы- аталған бағдарламаны жүзеге асыру. Шығармашыл қонақүйде  іс- шаралардың бірқатары- қостанайдың жас таланттарымен  кездесулер өткізіп келеді. Өз мақаласында Н.Назарбаев айтқандай: «Мен қоғам назарын біздің жаңа заманға, заманауи жастардың тарихына аударуды ұсынамын». Қостанай облысы үшін мұндай заманауи жастар, әрине, Қостанайды күллі Қазақстанға, тіпті, шетелдерге паш етіп жүрген жас дарындар, тума таланттар: жазушылар, ақындар, музыканттар, спортшылар, суретшілер, актерлер. «Мәртебелі қонақ» шығармашыл қонақүйінің оқу жылындағы жұмыс жоспарында жұртшылыққа танымал дарындармен емес, талант тұнығы шайқалмаған, ел көзіне түсе қоймаған дарын иелерімен өскелең ұрпақты таныстырып, жас аға- әпкелерінен үлгі алуға шақыратын кездесулер өткізу жазылған.  Жас дарындардың қазіргі жетістіктеріне қалай қол жеткізгендерін, биік шыңға қандай қиындықтар арқылы шыққандарын кішкентайларға тыңдата отырып, өмірдің талай белесін бағындырған таланттардың небір қырларымен таныстыру- біздің шығармашыл қонақүйдің міндеттерінің бірі.

        Біздің «Мәртебелі қонақ» шығармашыл қонақүйдің ең алғашқы қонағы қаламыздың талантты жас суретшісі Елена Полковникова болды. Елена сурет көрмелеріне талай рет қатысқан, сондай ақ, ол «Жастолқын- 2017» облыстық байқауының жеңімпазы. Кездесу барысында  жиналған қонақтар суретшінің өмірбаяны, шығармашылығымен танысты. Елена  тәрбиеленушілерге өз мамандығының ерекшелігін айтып қана қойған жоқ, сонымен қатар, сұрақтарға жауап беріп, «Техника рисования натюрморта» атты шеберлік сағатын да қызықты етіп өткізді.

Тәрбиеленушілеріміздің келесі кездескен қонағы Қостанайдың дарынды жас ақыны Алмас Мұратбеков болды. Алмас облыстық жас ақындар байқауының лауреаты, оның өлеңдері облыстық газет беттерінде жарық көрген. Кездесуде жас талант өзінің мектептегі балалық шағы, қызығы мен шыжығы мол шығармашылық аясы және қоғамдық қызметімен бөлісті. Кездесу соңында ақын «Өлең құрылымы» атты шеберлік сағатымен бөлісті. Алмас Мұратбековпен өткен бұл кездесу балалардың ең қызықты шақтарының бірі болды.

        Ең әуенді кездесу тәрбиеленушілеріміздің таланты вокалист, «Дауыс йогасының» маманы Каптел Виктория Виктровнамен кездесуі болды.  Виктория өзінің оқытушылық қызметі туралы айтып, тәрбиеленушілермен  шығармашылық өмірінің қызықты кезеңдерімен бөлісті. Ол өзінің ең алғашқы кезінен бастап, қізіргі күнге дейін қалай өскенін айтып берді. Кеш соңына қарай тәрбиеленішілер әншінің керемет орындаушылық шеберлігіне тәнті болып, тамаша әндерін тыңдады.

«Патриоттық тәрбиенің негізі» атты іс- шара болып өтті. Театр өнерінің тамаша өнерпаздары Әлімхан Мырзаханов, Ажар Шакыржанова, Төленді Әлғожиндармен кездесу өз ерекшелігімен есте қалды.  Әлімхан тәрбиеленушілермен өзінің жұмысы, театр және кино саласындағы жетістіктерімен бөлісті. «Бір сен үшін» атты фильмге ол өнердегі достары: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кино және театр актері Азамат Сатыбалды және атақты Зарина Карменмен бірге түскен. «Бір сен үшін»- отбасылық құндылықтар туралы сыр шертілген фильм.

Кездесудің ажарын кіргізген сұлу да сымбатты актрисамыз Ажар Шакыржанова «Человек славиться трудом» атты спектакльдің қиындықтары мен қызықтарын айта отырып, өзінің нағыз талант екендігін дәлелдеді. Спектакльде ол  Қостанайдың еңбек ері, атақты Кәмшат Дөненбаеваны сомдайды. Спектакль Ақылбек Шаяхметтің пьесасы бойынша қойылған. Ол жерде Қостанай облысын танымал еткен адамдар жайлы айтылады. Сахнада Кәмшат Дөненбаевадан басқа Қостанай облысының атақты еңбек ерлері Сайран Бұқанов, Алмат Тұрсынов және Борис Князевтер де көрермен көзайымы болды.
         Кездесудің ең жас актері, мәдениет және өнер саласында жеткен жетістіктері үшін «Қостанай облысы жастарының алтын кітабының» лауреаты атағын алған талантт иесі. Төленді Әлғожин 20- дан астам рөлді сомдап, өзінің асқан шеберлігімен көзге түскен.  Қостанай облысы жастарының алтын кітабы жеке жетістіктерге жеткен жас таланттарды, облыста танымдық, шығармашылық, спорттық, ғылыми, өндірістік салада үздік жетістіктерге жеткен дарындарды елге таныту үшін, үлгі ретінде паш ету үшін туындаған ой.

Қорытындылай келе, өскелең ұрпақты ұлттық тұрғыда тәрбиелеу- заманауи қоғамның ең басты міндеттерінің бірі екенін атап өткен жөн, ал балалық шақ- Отанға деген асыл махаббаттың фундаменті бекем болатын кезең.  Ал, баланың кішкене күнінен бастап өз туған өлкесін, туған ауылын, туған жерін, Отанын сүйіп өсуіне, адамгершілік қасиеттерге ие боуына, әрине, «алтын орда- алтын ұясы» септігін тигізеді. Мектеп баланың өсіп, дамуына ғана куә болмайды, мектеп әрбір өсіп келе жатқан баланың бойына рухани байлықты сіңіртіп, үлкенге құрметпен қатар, Отанға деген сүйіспеншілікті бекемдейтін киелі орын. Біздің Балалар шығармашылығы мектебі жас өрендерге өз туған өлкесінің  таланттыда дарынды жерлестерімен таныстырып, одардың өмірінен үлгі алуға шақырады.



Кульпаш Ундимисова,

 КГУ «Школа детского творчества 

отдела образования акимата города Костаная», 

методист,

Костанайская область,

 г. Костанай.
02 мамыр 2018 г. 16 690 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 224 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 612 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031