» » Адамдар бәсекелік қабілетімен айқындалады

Адамдар бәсекелік қабілетімен айқындалады

  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек», деген өрелі пайымдар өзгелер секілді маған да үлкен ой салды. 23.05.2017 862 Facebook Twitter Google+ Pinterest Vkontakte Telegram Ғасыр көшінен қалмай, терезесі тең дәрежеде дамыған елдің тұрмысы жақсы, өмірі бақуатты болатынын көріп те, естіп те жүрміз. Біздің осыған дейін де талмай айтып, жұртшылық көкейіне сіңіріп келе жатқан «бәсекеге қабілеттілік» туралы ұстанымдарымыз Президентіміздің жаңа еңбегінде өмірлік қағида, негізгі тұғырнама деңгейінде бағалануы тегін емес. Яғни, тек материалдық өнім шамасы ғана емес, «білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары», адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалатыны талассыз шындық. Әлбетте, тәуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасыр бедерінде бұған қажетті алғышарттар жасалды. Бұған дейін түзілген «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.  Елбасының мақаласын оқып отырып, ақыл-ой еңбегі адамдарына айқын нұсқалған: «...біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс», деген қағида ерекше назар аударарлық. Бұл саяси және экономикалық жаңғырулардың өзегі болып табылатын рухани жаңғыру, қанымызға сіңген дағдылар мен қағидаларды өзгерте отырып, толыққанды бетбұрыс жасау деген сөз. Жастарымыз орынсыз сән-салтанатшыл емес, ұстамды, қанағатшыл, қарапайым, үнемшіл болып өссе, ел ертеңнің лайықты ізбасарлары болып қалыптасары анық. Көреген ұстаз нақты мақсатқа жету жолында, сапалы білім беруге, саламатты өмір салтын өзі ұстанып, кәсіби тұрғыдан жетіліп отырса, ішкі мүмкіндігін тиімді пайдалана білсе, мінез-құлық прагматизмі деген осы.  «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді», дейді Елбасымыз. Ол үшін ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейте және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, салт-дәстүрлерімізді, тіліміз бен музыкамызды, әдебиетімізді, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі сақтауға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің биік шоқтығы екенін бүгінгі жас ұрпақ біліп өскені жөн.
Зарқын ТАЙШЫБАЙ
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
11 тамыз 2017 г. 2 578 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 672 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 739 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031