Өртте қаза тапқан Назарбаев Университеті профессорының артында екі қызы қалды
Оның айтуынша, Ибадан Медикос қызметкерлері мен оқытушылары және Ибадандағы University College Hospital университетінің түлектеріне профессорлары жетіспейтін болады. «Профессордың артында тағы екі үлкен қыздары Емиси мен Олайтун қалды. Оның және әйелі мен екі кішкентай қыздарының жаны мәңгілік өмірлерінде тыныштық тапсын», - деп жазды досы. Еске салсақ, 14 шілдеде «Хайвил» тұрғын үй кешенінің 9-қабатындағы пәтерде өрт шықты. Салдарынан 4 адам көз жұмды, оның екеуі бала. Астана қалалық ІІД-нің анықтауынша, қаза тапқандардың шетелдіктер екені мәлім болды. Keнджи Элай 2016 жылдың маусым айынан бері Назарбаев Университеттің Медицина мектебінде профессор болып жұмыс істеген. Ол Лестер университетінің (Ұлыбритания) Медицина докторы дәрежесін алған және 40 жылдан астам уақыт бойы Нигерияда, Оманда, Кувейт пен Ұлыбританияда медицина саласында ғылыми-зерттеу және ұстаздық қызметпен айналысқан. Бұл уақыт аралығында жеті ғылыми-зерттеу грантын жеңіп алып, жүзеге асырған. Профессормен бірге оның әйелі және екі қызы да мерт болды.