» » Еліміздің болашағы – жастар

Еліміздің болашағы – жастар

Өткен ғасырларда адамзат ілімінің дамып, ақыл мен ой парасатының жетілуі, оқудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын анықтаған ғұламалардың бірі Әбу Насыр Әл-Фараби. Ол өз еңбектерінде еңбек тәрбиесі мен оның теориясын жасаушылардың бірегейі екені мәлім.

Білім мен ғылым қазіргі таңда және болашақтағы қоғамды дамытатын негізгі күш болып табылады, яғни қазіргі жастарымыз бәсекеге қабілетті тұлға болуы керек. Ол үшін ең алдымен бәсекеге қабілетті тұлға білімдіжәне сонымен бірге міндетті түрде тәрбиелі де болуы қажет. Осы тұста жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін ғұлама ғалым, ойшыл, философ Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген басты қағиданы ұсынған болатын. Бұл қағиданың қазіргі таңдағы өзектілігі зор.

Тәрбиелеу – адамдардың бойында білімге негізделген түрлі игіліктер мен өнерлерді дамыту деп те атауға болады. Тәрбиелеу – жеке адамның кісілігін қалыптастыру деп көрсетеді әлемнің екінші ұзтазы. Ол тәрбие әрекетінде қатты әдісті, қатаңдық пен жұмсақ әдісті, жұмсақтықты ұштастыра білуді ұсынады, яғни бұл әрекеттер де қазіргі таңда өте өзекті болып табылады.Тәрбиелеу ісі асқан шеберлікті, зор талантты талап етеді. Жас ұрпақты тәрбиелеудің түрлі жолдары мен әдістері көп, соның ішінде ұрпақ тәрбиелеуде халқымыздың рухани байлығына және асыл мұраларына, ұлттық құндылықтарына сүйенген жөн.

Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді» дей отыра, тарихи сананы жаңғырту үшін ең алдымен, ұлт каһармандарын үлгі тұтуға, олардың өнегелі өмірі мен артына қалдырған құнды еңбектерін елге, әсіресе жас ұрпаққа кеңінен насихаттау керек деп атап өткен.

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды оқытудағы инновациялық тәсілдер жүйелі болуына және болашақ мамандарды даярлауда оқу-тәрбие жұмысының барлық жақтарын қамтуы керек екендігіне ерекше назар аударылып, дұрыс тәрбие беруді де көздейді. Бұл құндылықтар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде де шынайы үрдіске айналған.

Мемлекет жастардың білім алу мәселесіне қатысты, олардың бәсекеге қабілеттілігін аса маңызды міндет қылып отыр.Осы арқылы Қазақстанды болашақта шикізат өндіруші емес, ақыл-ойдан туындайтын өнім өндіретін елге айналдырамыз деген бағдар бар, сондықтан да бұл салаға басым назар аударылуда. Қазіргі таңдағы кезең –бұл ақпараттар, жетік технологиялар мен инновациялар заманы. Сәйкесінше, бүкіл өркениет осыған бейімделіп, инновациялық жаңашылдықтарға толы қоғам қалыптасып келеді. Осындайэкономикаалық, кәсіпкерлік ортада табысты жұмыс істеп, жаңа мүмкіншіліктерді анықтап, инновациялық бизнес-идеяларды туындау үшін, әрине білімді, ақыл-ойыңыздың ширақтылығы, ақпараттарды жинақтау және талдау қабілеттерінің болғаны абзал. Сондықтанқазіргі жастарға экономика, жалпы қоғам өмірі, кәсіпкерлік саласындағы білімді игеру кеңінен насихатталуда.

Жастарды білім және ғылым жолына салып, болашаққа бағдар беру, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеттерінің бірі болып табылады. Барлық мықты мемлекеттер жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек, осыған қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы мен эдвайзерлер де осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда, онлайн форматта тәрбие, қоғамдық және ғалыми бағыттарда кураторлық сағаттар өткізіліп, студенттермен әрдайым байланыс жасап отырады.Соның ішінде студенттерге белгілі мамандықтар бойынша білім ғана беріп қоймай, сонымен бірге өмірге бейім, өз айналасында әр жағдайдан жаңалық ашуға жаны құмар жаңашыл, білімді де білікті, жан жақты дамыған тұлғаларды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі таңда, коронавирус пандемиясының салдарының негізінде ЖОО тарапынан оқытудыңжаңа инновациялық жетістіктері мен тәжірибелерін үнемі пайдалану үстінде.

Қорыта айтқанда, елі­міздің болашағы үшін білімді жастарды дайындауғана емес, бойына рухани құндылықтарды дарыта білген жас буын өкілдерін тәрбиелеп шығару керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін әрдайым есте сақтайық, оларға да ұғындырайық.


Андабаева Гульмира Кенжегалиевна,

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 

профессор м.а., э.ғ.к.

02 ақпан 2021 г. 70 930 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 952 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031